Параметр қосулы болса, саясат параметрлері мәндері иерархияның жоғарғы деңгейіндегі топқа арналған саясаттан иеленеді және өзгерту үшін қолжетімді емес.
Егер параметр қосылса, саясатқа өзгертулер қолданылғаннан кейін келесі қадамдар орындалады:
саясат параметрлерінің мәндері салынған басқару топтарының саясаты – еншілес саясаттарға қатысты қолданылады;
Әрбір еншілес саясат сипаттары терезесінің Жалпы бөлімінің Параметрлерді иелену блогында Параметрлерді негізгі саясаттан иелену параметрі автоматты түрде қосылады.
Параметр қосулы болған кезде, еншілес саясат параметрлерінің мәндерін өзгерту қолжетімді емес.
Әдепкі бойынша, параметр өшірулі.
Оқиғаны конфигурациялау
Оқиғаны конфигурациялау қойыншасында оқиғаларды тіркеуді және оқиғалар туралы хабарлауды конфигурациялауға болады. Оқиғалар қойыншалардағы маңыздылық деңгейлері бойынша бөлінген:
Критикалық
Критикалық бөлімі Желілік агент саясатының сипаттарында көрсетілмейді.
Функционалдық ақау
Ескерту
Ақпараттық
Оқиғалар тізіміндегі әрбір бөлімде оқиғалардың атаулары және әдепкі бойынша Басқару серверінде оқиғаларды сақтау уақыты (күндерде) көрсетіледі. Оқиға түрін басу арқылы сіз келесі параметрлерді көрсете аласыз:
Оқиғаларды тіркеу
Сіз оқиғаларды сақтау күндерінің санын көрсете аласыз және оқиғаларды қайда сақтау керектігін таңдай аласыз:
Syslog протоколы арқылы SIEM жүйесіне экспорттау
Құрылғыдағы ОЖ оқиғалар журналында сақтау
Басқару серверіндегі ОЖ оқиғалар журналында сақтау
Оқиға хабарландырулары
Оқиға хабарландырулары тәсілін таңдауға болады:
Электрондық пошта арқылы хабарлау
SMS арқылы хабарлау
Орындалатын файлды немесе сценарийді іске қосып хабарлау
SNMP арқылы хабарлау
Әдепкі бойынша, Басқару сервері сипаттарының қойыншасында көрсетілген хабарландыру параметрлері қолданылады (мысалы, алушының мекенжайы). Қаласаңыз, бұл параметрлерді Электрондық пошта, SMS және Іске қосылатын орындалатын файл қойыншаларында өзгертіңіз.