Бағдарламаларға тағайындалған тегтерді алып тастау
Бағдарламадан тегтерді алып тастау үшін:
Бағдарламаның негізгі терезесінде Операциялар → Үшінші тарап бағдарламалары → Бағдарламалар тізімдемесі бөліміне өтіңіз.
Тегтерді алып тастау қажет бағдарламаны таңдаңыз.
Тегтер қойыншасын таңдаңыз.
Қойыншада Басқару серверінде бар барлық бағдарлама тегтері пайда болады. Таңдалған бағдарламаға тағайындалған тегтер Тег белгіленді бағанындағы жалаушалармен белгіленеді.
Алып тастау қажет тегтер үшін Тег белгіленді бағанындағы жалаушаларды алып тастаңыз.
Өзгерістерін сақтау үшін Сақтау түймесін басыңыз.
Тегтер бағдарламадан алынады.
Бағдарламалардан алынған тегтер жойылмайды. Қажет болса, оларды қолмен жоюға болады.