Басқару серверлерінің (соның ішінде виртуалды) тізімін көру үшін:
Басты мәзірде параметрлер () белгішесінің жанында орналасқан Басқару сервері атауын басыңыз.
Қосалқы (виртуалды) Басқару серверлерінің ашылмалы тізімі көрсетіледі.
Осы Басқару серверлерінің кез келгеніне оның атын басу арқылы өтуге болады.
Басқару топтары да көрсетіледі, бірақ олар белсенді емес және бұл мәзірде басқару үшін қолжетімді емес.
Егер сіз Kaspersky Security Center Web Console веб-консоліндегі негізгі Басқару серверіне қосылған болсаңыз және қосалқы Басқару сервері басқаратын виртуалды Басқару серверіне қосыла алмасаңыз, келесі тәсілдердің бірін пайдалана аласыз:
Kaspersky Security Center Web Console бағдарламасы орнатылған құрылғыда ksc-web-console-<нұсқа нөмірі>.<жинақ нөмірі>.exe орындалатын файлын әкімші құқықтары бар есептік жазбамен іске қосыңыз.
Бағдарламаны орнату шебері іске қосылады. Шебердің жұмысын жалғастыру үшін Келесі түймесін басыңыз.
Жаңарту параметрін таңдаңыз.
Өзгеріс түрі бетінде Қосылым параметрлерін өзгерту параметрін таңдаңыз.
Сенімді Басқару серверлері қадамында қажетті қосалқы Басқару серверлерін қосыңыз.
Соңғы қадамда, жаңа параметрлерді қолдану үшін Өзгерту түймесін басыңыз.
Бағдарламаны орнату сәтті аяқталғаннан кейін Дайын түймесін басыңыз.
Виртуалды Сервер құрылған қосалқы Басқару серверіне тікелей қосылу үшін Kaspersky Security Center Web Console пайдаланыңыз. Осыдан кейін, сіз Kaspersky Security Center Web Console веб-консолінде виртуалды Басқару серверіне ауыса аласыз.