Тарату нүктелерін автоматты түрде тағайындау

Тарату нүктелерін автоматты түрде тағайындау ұсынылады. Kaspersky Security Center бағдарламасы тарату нүктелеріне қандай құрылғыларды тағайындау керектігін өзі таңдайды.

Тарату нүктелерін автоматты түрде тағайындау үшін:

  1. Бағдарламаның басты терезесін ашыңыз.
  2. Консоль ағашында тарату нүктелерін автоматты түрде тағайындауды қажет ететін Басқару сервері атауы бар түйінді таңдаңыз.
  3. Басқару серверінің мәнмәтіндік мәзірінде Сипаттар тармағын таңдаңыз.
  4. Басқару серверінің сипаттары терезесіндегі Бөлімдер панелінің Тарату нүктелері опциясын таңдаңыз.
  5. Терезенің оң жағында Тарату нүктелерін автоматты түрде тағайындау параметрін таңдаңыз.

    Егер тарату нүктелерінің құрылғыларын автоматты түрде тағайындау қосулы болса, тарату нүктелерінің параметрлерін қолмен конфигурациялау, сондай-ақ тарату нүктелерінің тізімін өзгерту мүмкін емес.

  6. OK түймесін басыңыз.

Нәтижесінде, Басқару сервері тарату нүктелерін автоматты түрде тағайындайды және олардың параметрлерін конфигурациялайды.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Kaspersky бағдарламалары мен дерекқорларын үнемі жаңартып тұру

Басына оралу