Оқиғалар журналдарын жүктеу
Қашықтағы құрылғыдан оқиғалар журналын жүктеу үшін:
- Клиент құрылғысын қашықтан диагностикалау утилитасын ашыңыз.
- Қашықтан диагностикалау терезесінде Құрылғы журналдары түймесін басыңыз.
- Барлық құрылғы журналдары терезесінде тиісті оқиғалар журналын таңдаңыз.
- Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
- Бүкіл файлды жүктеп алу түймесін басып, таңдалған оқиғалар журналын жүктеңіз.
- Таңдалған оқиғалар журналының бөлігін жүктеңіз:
- Файл бөлігін жүктеп алу түймесін басыңыз.
- Ашылған терезеде, өз талаптарыңызға сай жүктеу үшін файлдың аты мен бөлігін көрсетіңіз.
- Жүктеп алу түймесін басыңыз.
Таңдалған оқиғалар журналы немесе оның бөлігі сіз көрсеткен жерге жүктеледі.
Басына оралу