Бұлтты ортаны конфигурациялау кезінде Бұлтты ортамен синхрондау ережесі автоматты түрде жасалады. Бұл ереже әрбір сауалнамада табылған құрылғыларды Тағайындалмаған құрылғылар тобынан Басқарылатын құрылғылар\Cloud тобына автоматты түрде көшіруге мүмкіндік береді, осылайша құрылғылар орталықтан басқару үшін қолжетімді болады. Әдепкі бойынша, ереже жасалғаннан кейін қосулы болады. Сіз ережені қалған уақытта өшіре аласыз, өзгерте аласыз немесе қолдана аласыз.
Бұлтпен синхрондау ережесінің сипаттарын өзгерту және/немесе ережені қолдану үшін:
Негізгі терезеде Табу және орналастыру → Орналастыру және тағайындау → Жылжыту ережелері бөліміне өтіңіз.
Ереже таңдалған сегменттегі барлық құрылғылар үшін және оның барлық салынған бұлттық бөлімдерінде орындалады. Әйтпесе, ереже түбірлік сегменттегі құрылғылар үшін қолданылады.
Жалауша қойылған болса, онда Басқарылатын құрылғылар\Cloud топтары құрылымында құрылғы орналасқан бөлімге сай келетін ішкі топ болмаса, онда Kaspersky Security Center осындай ішкі топты құрады. Мысалы, құрылғыларды анықтау барысында жаңа ішкі желі анықталған болса, онда Басқарылатын құрылғылар\Cloud тобында осындай атауы бар жаңа топ құрылатын болады.
Параметр өшірулі болса, онда Kaspersky Security Center ішкі топтарды құрмайды. Мысалы, жаңа ішкі желі желіде сауалнама жүргізу кезінде анықталған болса, онда осындай атауы бар жаңа топ Басқарылатын құрылғылар\Cloud тобының астында құрылып, осы ішкі желідегі құрылғылар Басқарылатын құрылғылар\Cloud тобына көшірілмейді.
Параметр қосулы болса, онда бағдарлама Cloud тобынан ешқандай бұлтты нысандарға сай келмейтін ішкі топтарды жоятын болады.
Параметр өшірулі болса, онда бұлтты нысандарға сай келмейтін ішкі топтар сақталмайды.
Әдепкі бойынша, параметр қосулы.
Бұлтты ортаны конфигурациялау кезінде Бұлт құрылымы бар басқару топтарын синхрондау параметрін қосқан болсаңыз, онда Бұлтпен синхрондау ережесі Жаңадан анықталған құрылғылардың сақтау орындарына қатысты ішкі топтарды жасау және Бұлттық сегменттерде сәйкестік жоқ ішкі топтарды жою қосулы параметрлерімен жасалады.
Бұлт құрылымы бар басқару топтарын синхрондау параметрін қоспаған болсаңыз, Бұлтпен синхрондау ережесі осы өшірулі параметрлермен (жалаушалары алынған) бірге жасалады. Kaspersky Security Center бағдарламасымен жұмыс істеу барысында сізге Басқарылатын құрылғылар\Cloud тобының ішкі топтар құрылымы бұлттық сегменттер құрылымына сай келуі қажет болса, ереженің сипаттарында Жаңадан анықталған құрылғылардың сақтау орындарына қатысты ішкі топтарды жасау және Бұлттық сегменттерде сәйкестік жоқ ішкі топтарды жою параметрлерін қосып, ережені қолданыңыз.
Құрылғы API арқылы табылды ашылмалы тізімінен мәнді таңдаңыз:
Жоқ. Құрылғыны AWS, Azure немесе Google API пайдалану арқылы анықтау мүмкін емес, ол бұлттық ортадан тыс немесе бұлттық ортада, бірақ оны белгілі бір себептерге байланысты API арқылы анықтау мүмкін емес.
AWS. Құрылғы AWS API арқылы табылды, яғни құрылғы AWS бұлтты ортасында орналасқан.
Azure. Құрылғы Azure API арқылы табылды, яғни құрылғы Azure бұлтты ортасында орналасқан.
Google Cloud. Құрылғы Google API арқылы табылды, яғни құрылғы Google бұлтты ортасында орналасқан.
Көрсетілмеген. Критерий қолданыла алмайды.
Қажет болса, басқа бөлімдерде ереженің басқа да сипаттарын конфигурациялаңыз.