Linux үшін Желілік агентті тыныш режимде орнату (жауап файлымен)

Сіз Linux операциялық жүйесі бар құрылғыларға Желілік агентті жауап файлы – орнату параметрлерінің пайдаланушы жиынтығын қамтитын мәтіндік файл: айнымалылар және олардың сәйкес мәндері арқылы орната аласыз. Жауаптар файлын қолдану арқасында орнатуды тыныш режимде, яғни пайдаланушының қатысуынсыз іске қосуға болады.

Linux үшін Желілік агентті тыныш режимде орнату мақсатында:

  1. Linux операциялық жүйесі бар қажетті құрылғыны қашықтан орнату үшін дайындап қойыңыз. Кез келген лайықты пакеттерді басқару жүйесінің көмегімен .deb немесе .rpm Желілік агент пакетін қолдана отырып, қашықтан орнату пакетін жүктеңіз және жасаңыз.
  2. SUSE Linux Enterprise Server 15 операциялық жүйесі бар құрылғыларға Желілік агентті орнатқыңыз келсе, алдымен Желілік агентті орнату үшін insserv-compat пакетін орнатыңыз.
  3. Лицензиялық келісімді оқып шығыңыз. Лицензиялық келісімнің шарттарын түсініп, қабылдаған жағдайда ғана төмендегі қадамдарды орындаңыз.
  4. Жауап файлын (TXT форматында) жасаңыз. Жауап файлына VARIABLE_NAME = variable_value пішіміндегі айнымалылар тізімін қосыңыз, әр айнымалы бөлек жолда тұрады.

    Жауап файлын дұрыс пайдалану үшін оған үш міндетті айнымалының ең аз жиынтығын қосу керек:

    • KLNAGENT_SERVER
    • KLNAGENT_AUTOINSTALL
    • EULA_ACCEPTED

    Қашықтан орнатудың барынша нақты параметрлерін пайдалану үшін кез келген қосымша айнымалыларды қосуға болады. Келесі кестеде жауап файлына енгізуге болатын барлық айнымалылар келтірілген:

    Тыныш режимде Linux үшін Желілік агентті орнату параметрлері ретінде пайдаланылатын жауап файлының айнымалылары

  5. Желілік агентті орнату пакетін іске қосыңыз. Жауап файлының жолын көрсететін KLAUTOANSWERS ортасының айнымалысы орнату пәрменіне жіберіледі. Келесі пәрмендердің бірін орындаңыз:
    • Желілік агентті RPM пакетінен 32 биттік операциялық жүйеге орнату үшін келесі пәрменді орындаңыз:
      sudo KLAUTOANSWERS=<path to answer file> yum install ./klnagent-<құрастыру нөмірі>.i386.rpm
    • Желілік агентті RPM пакетінен 64 биттік операциялық жүйеге орнату үшін келесі пәрменді орындаңыз:
      sudo KLAUTOANSWERS=<path to answer file> yum install ./klnagent64-<құрастыру нөмірі>.x86_64.rpm
    • Желілік агентті RPM пакетінен Arm архитектурасына арналған 64 биттік операциялық жүйеге орнату үшін келесі пәрменді орындаңыз:
      sudo KLAUTOANSWERS=<path to answer file> yum install ./klnagent64-<құрастыру нөмірі>.aarch64.rpm
    • Желілік агентті DEB пакетінен 32 биттік операциялық жүйеге орнату үшін келесі пәрменді орындаңыз:
      sudo KLAUTOANSWERS=<path to answer file> apt install ./klnagent_<құрастыру нөмірі>_i386.deb
    • Желілік агентті DEB пакетінен 64 биттік операциялық жүйеге орнату үшін келесі пәрменді орындаңыз:
      sudo KLAUTOANSWERS=<path to answer file> apt install ./klnagent64_<құрастыру нөмірі>_amd64.deb
    • Желілік агентті DEB пакетінен Arm архитектурасына арналған 64 биттік операциялық жүйеге орнату үшін келесі пәрменді орындаңыз:
      sudo KLAUTOANSWERS=<path to answer file> apt install ./klnagent64_<құрастыру нөмірі>_arm64.deb

    Операциялық жүйе конфигурациясына байланысты желілік агентті орнату үшін rpm, dpkg немесе dnf пакет менеджерлерін де пайдалануға болады.

Linux үшін Желілік агентті орнату тыныш режимде басталады; пайдаланушыдан процесс кезінде ешқандай әрекеттерді орындау сұралмайды.

Басына оралу