ДҚБЖ есептік деректерін өзгерту

Кейде ДҚБЖ есептік жазба деректерін өзгерту қажет болуы мүмкін (мысалы, қауіпсіздік мақсатында есептік жазба деректерінің ротациясын орындау үшін).

klsrvswch.exe утилитасын пайдаланып Windows ортасында ДҚБЖ есептік деректерін өзгерту үшін:

  1. Kaspersky Security Center орнату қалтасында орналасқан klsrvswch утилитасын іске қосыңыз. Әдепкі бойынша орнату жолы: <Диск>:\Program Files (x86)\Kaspersky Lab\Kaspersky Security Center.

    Сізге klsrvswch утилитасын Басқару серверін орнату үшін пайдаланылған әкімші құқықтары бар есептік жазба арқылы Басқару сервері құрылғысында іске қосу керек.

  2. Шебердің Келесі түймесін ДҚБЖ қатынасу есептік жазба деректемелерін өзгерту қадамына дейін жетпейінше баса беріңіз.
  3. Шебердің ДҚБЖ қатынасу есептік жазба деректемелерін өзгерту қадамында келесі әрекеттерді орындаңыз:

    Windows аутентификациясы пайдаланылса, шебердің ДҚБЖ қатынасу есептік жазба деректемелерін өзгерту қадамы өткізіледі.

    • Жаңа есептік жазба деректемелерін қолданыңыз параметрін таңдаңыз.
    • Есептік жазба өрісінде есептік жазбаның жаңа атауын көрсетіңіз.
    • Құпиясөз өрісінде есептік жазба үшін жаңа құпиясөзді көрсетіңіз.
    • Құпиясөзді растау өрісінде жаңа құпиясөзді растаңыз.

    ДҚБЖ-да бұрыннан бар есептік жазбаның есептік деректерін көрсетуіңіз керек.

  4. Келесі түймесін басыңыз.

Шебердің жұмысы аяқталғаннан кейін, ДҚБЖ есептік деректері өзгертіледі.

klsrvswch утилитасын тек SQL аутентификациясына арналған есептік жазба құпиясөзін өзгерту үшін пайдалануға болады. Авторизация әдісін өзгертуге қолдау көрсетілмейді. Авторизация әдісін өзгерту үшін басқару серверін қайта орнатып, қажетті параметрлерді көрсетіңіз.

Басына оралу