Kaspersky Security Network (KSN) қосқан кезде сіз KSN мәлімдемесін оқып, қабылдауыңыз керек. Сіз қабылданған KSN мәлімдемесін кез келген уақытта көре аласыз.
Қабылданған KSN мәлімдемесін қарап шығу үшін:
Консоль ағашында KSN қосылған Басқару серверін таңдаңыз.
Басқару серверінің мәнмәтіндік мәзірінде Сипаттар тармағын таңдаңыз.
Басқару сервері сипаттары терезесінде, KSN Проксиі бөлімінде KSN-прокси параметрлері бөлікшесін таңдаңыз.
Қабылданған KSN мәлімдемесін қарау сілтемесінен өтіңіз.
Ашылған терезеде сіз қабылданған KSN мәлімдемесінің мәтінін көре аласыз.