Kaspersky Endpoint Security for Windows сияқты басқарылатын бағдарламалардың жұмысындағы оқиғалар туралы ақпарат басқарылатын құрылғылардан беріледі және Басқару сервері дерекқорында тіркеледі. Әдепкі бойынша Microsoft Exchange Servers жүйесіне арналған Kaspersky Security 9.0 MR6 және одан бұрынғы нұсқасынан келген оқиғалар басқару серверінің дерекқорына тіркелмейді. Kaspersky Security for Microsoft Exchange Servers қолданбасының 9.0 MR6 және одан да төмен нұсқасы ұйымыңыздағы басқарылатын құрылғыларға орнатылған болса және сіз осы бағдарламадан оқиғаларды алып тұрығыңыз келсе, klscflag утилитасын пайдаланып осы бағдарламаның оқиғаларын тіркеуді қосыңыз.
Kaspersky Security for Microsoft Exchange Servers оқиғаларын тіркеуді қосу үшін:
klscflag.exe --stp cluster -fset -pv klserver -n KLSRV_EVP_ENABLE_HOST_EVENT_BODY_VALIDATION -t d -v 0
klscflag.exe --stp klfoc -fset -pv klserver -n KLSRV_EVP_ENABLE_HOST_EVENT_BODY_VALIDATION -t d -v 0
klscflag.exe -fset -pv klserver -n KLSRV_EVP_ENABLE_HOST_EVENT_BODY_VALIDATION -t d -v 0
Kaspersky Security for Microsoft Exchange Servers үшін оқиғаларды тіркеу қосулы.
Kaspersky Security for Microsoft Exchange Servers үшін оқиғаларды сақтау мерзімін белгілей алмайсыз немесе оқиғалардың қайсысы Басқару серверінің қоймасында сақталуы керек екенін таңдай алмайсыз. Сіз қоймада сақтауға болатын оқиғалардың ең көп санын белгілей аласыз. Бұл параметр Kaspersky барлық бағдарламаларынан алынған оқиғаларға қолданылады.