Сіз таңдаған бағдарламаның жаңартулары жаңартуларды Басқару серверінің қоймасына жүктегеннен кейін бірден клиент құрылғыларына автоматты түрде таралуы үшін:
Жаңа тапсырма жасау шебері іске қосылады. Келесі шарттарды орындау арқылы, оның нұсқауларын орындаңыз:
Тапсырма түрі терезесінде көрсетілетін жаңартуларды тарату тапсырмасының атауы тапсырма жасалатын бағдарламаға байланысты. Kaspersky таңдалған бағдарламаларына арналған жаңарту тапсырмаларының атаулары туралы көбірек білу үшін осы бағдарламаларға арналған Нұсқаулықтарды қараңыз.
Нәтижесінде, жаңартуларды тарату тапсырмасы жаңартуларды Басқару сервері қоймасына жүктеген сайын таңдалған құрылғылар үшін іске қосылып тұрады.
Өзіңізге қажетті бағдарламаның жаңартуларын тарату тапсырмасы таңдалған құрылғылар үшін әлдеқашан жасалып қойған болса, онда жаңартуларды клиент құрылғыларына автоматты түрде тарату үшін Кесте бөліміндегі тапсырманың сипаттар терезесіндегі Кесте бойынша іске қосу өрісінде Қоймаға жаңартуларды жүктеу кезінде іске қосу нұсқасын таңдау керек.