Оқиғалар таңдауын мәтіндік файлға экспорттау
Оқиғалар таңдауын мәтіндік файлға экспорттау үшін:
- Консоль ағашында өзіңізге қажетті Басқару серверінің атауы бар торапты таңдаңыз.
- Тораптың жұмыс аймағында Оқиғалар қойыншасын таңдаңыз.
- Импорттау/Экспорттау түймесін басыңыз.
- Ашылмалы тізімнен Оқиғаларды файлға экспорттау тармағын таңдаңыз.
Нәтижесінде, оқиғаларды экспорттау шебері іске қосылады. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз.
Басына оралу