Желідегі трафикті азайту үшін бөлек IP ауқымдарынан және IP аралықтарынан Басқару серверіне деректерді беру жылдамдығын шектеу мүмкіндігі қарастырылған.
Сіз Басқару сервері сипаттары терезесінің Трафик бөлімінде трафикті шектеу ережелерін жасап, конфигурациялай аласыз.
Трафикті шектеу ережелерін жасау үшін:
Консоль ағашында трафикті шектеу ережелерін жасау үшін қажетті Басқару сервері атауы бар түйінді таңдаңыз.
Басқару серверінің мәнмәтіндік мәзірінде Сипаттар тармағын таңдаңыз.
Басқару сервері сипаттары терезесінде Трафик бөлімін таңдаңыз.
Қосу түймесін басыңыз.
Жаңа ереже бөлімінде келесі параметрлерді көрсетіңіз:
Трафикті шектеуге арналған IP ауқымы блогында, беру жылдамдығы шектелген ішкі желіні немесе ауқымды белгілеу тәсілін таңдап, таңдалған тәсіл үшін параметрлердің мәндерін көрсетуге болады. Келесі тәсілдердің бірін таңдаңыз:
Трафик ішкі желі параметрлері бойынша шектеледі. Трафик шектелетін аралықты анықтау үшін ішкі желі мекенжайын және ішкі желі бүркенішін енгізу өрістерінде көрсетіңіз.
Басқару серверінің кіріс және шығыс деректерін берудің жиынтық жылдамдығының шекті мәні. Шектеу Кезең өрісінде көрсетілген уақыт аралығында ғана әрекет етеді.
Трафик Кезең өрісінде көрсетілген аралық ішінде ғана емес, қалған уақыт бойы да шектеледі.
Әдепкі бойынша, жалауша алынып тасталған. Өріс мәні Шектеу (КБ/сек) өрісінің мәніне сай келмеуі мүмкін.
Ең алдымен, трафикті шектеу ережелері файлдарды тасымалдауға әсер етеді. Бұл ережелер Басқару сервері мен Желілік агент арасында немесе негізгі Басқару сервері мен қосалқы Басқару сервері арасында синхрондау кезінде пайда болатын трафикке қолданылмайды.