Клиент құрылғыларына бағдарламаны орнату үшін:
Шебердің жұмысының нәтижесінде клиент құрылғыларында бағдарламаны қашықтан орнату тапсырмасы жасалады. Тапсырманы Тапсырмалар қалтасында іске қосуға немесе тоқтатуға болады.
Желілік агентті Windows, Linux және macOS операциялық жүйелері бар клиент құрылғыларына қорғанысты орналастыру шебері арқылы орнатуға болады.
Linux операциялық жүйелері бар құрылғыларда Kaspersky Security Center көмегімен 64 разрядты қауіпсіздік бағдарламаларын басқару үшін Linux үшін 64 разрядты Желілік агентті пайдалану қажет. Желілік агенттің қажетті нұсқасын Техникалық қолдау қызметі веб-сайтынан жүктеп алуға болады.
Linux операциялық жүйесі бар құрылғыға қашықтан Желілік агентті орнатпас бұрын құрылғыны дайындау керек.