Kaspersky Security Center қашықтан орнату тапсырмаларын пайдаланып құрылғыларға бағдарламаларды қашықтан орнатуға мүмкіндік береді. Тапсырмалар шебердің көмегімен жасалады және құрылғыларға тағайындалады. Құрылғыларға (ең көбі 1000 құрылғы) тапсырманы тезірек және оңай тағайындау үшін құрылғы шебері терезесінде өзіңізге ыңғайлы түрде көрсете аласыз:
Басқару серверімен анықталған желілік құрылғыларды таңдау. Құрылғылар жинағына тапсырма тағайындалады. Арнайы құрылғыларға сіз басқару топтарындағы құрылғыларды да, тағайындалмаған құрылғыларды да қоса аласыз.
Құрылғының мекенжайларын қолмен белгілеу немесе тізімнен импорттау. Сіз NetBIOS атауларын, DNS атауларын, IP мекенжайларын, сондай-ақ тапсырманы тағайындауды қажет ететін құрылғылардың IP мекенжайы ауқымдарын белгілей аласыз.
Құрылғы таңдауына тапсырманы белгілеу. Бұл жағдайда, тапсырма бұрын жасалған таңдауды құрайтын құрылғыларға тағайындалады. Алдын ала анықталған таңдауды немесе өз таңдауыңызды көрсете аласыз.
Басқару тобына тапсырманы белгілеу. Бұл жағдайда, тапсырма бұрын жасалған басқару тобына кіретін құрылғыларға тағайындалады.
Қашықтан орнату тапсырмасы Желілік агент орнатылмаған құрылғыда дұрыс жұмыс істеуі үшін TCP 139 және 445, UDP 137 және 138 порттарын ашу қажет. Бұл порттар әдепкі бойынша доменге қосылған барлық құрылғыларда ашық. Олар Құрылғыларды орнатуға дайындау утилитасы көмегімен автоматты түрде ашылады.