Kaspersky Endpoint Security for Windows құрылғыларындағы деректерді шифрлау немесе шифрсыздау тапсырмаларын орындау барысында Kaspersky Security Center бағдарламасына келесі типтегі оқиғалар туралы ақпарат жібереді:
Дискідегі орынның жетіспеушілігіне байланысты файлды шифрлау немесе шифрсыздау немесе шифрланған мұрағат жасау мүмкін емес.
Лицензиямен байланысты мәселелерге байланысты файлды шифрлау немесе шифрсыздау немесе шифрланған мұрағат жасау мүмкін емес.
Қатынасу құқықтарының болмауына байланысты файлды шифрлау немесе шифрсыздау немесе шифрланған мұрағат жасау мүмкін емес.
Қолданбаға шифрланған файлға кіруге тыйым салынды.
Белгісіз қателер.
Құрылғыларда деректерді шифрлау кезінде туындаған оқиғалар тізімін қарап шығу үшін:
Басқару сервері консолі ағашында Деректерді шифрлау және қорғау қалтасын таңдаңыз.
Келесі тәсілдердің бірімен шифрлау кезінде орын алған оқиғалар тізіміне өтіңіз:
Қателер тізіміне өту сілтемесі бойынша Деректерді шифрлау қателері бөліміне өтіңіз.