Пайдаланушыларға хабарлар жіберу
Пайдаланушыға электрондық пошта арқылы хабар жіберу үшін:
- Консоль ағашының Пайдаланушылардың есептік жазбалары қалтасында пайдаланушыны таңдаңыз.
Пайдаланушылардың есептік жазбалары қалтасы әдепкі бойынша Кеңейтілген қалтасына салынған.
- Пайдаланушы контекстік мәзірінде Электрондық пошта арқылы хабарлау таңдаңыз.
- Пайдаланушыға хабар жіберу терезесінде қажетті өрістерді толтырып, OK түймесін басыңыз.
Нәтижесінде, хабар пайдаланушының сипаттарында көрсетілген электрондық поштаға жіберіледі.
Пайдаланушыға SMS-хабар жіберу үшін:
- Консоль ағашының Пайдаланушылардың есептік жазбалары қалтасында пайдаланушыны таңдаңыз.
- Пайдаланушы контекстік мәзірінде SMS хабарын жіберу таңдаңыз.
- SMS мәтіні терезесінде қажетті өрістерді толтырып, OK түймесін басыңыз.
Нәтижесінде, хабар, нөмірі пайдаланушының сипаттарында көрсетілген ұялы құрылғыға жіберіледі.
Басына оралу