Пәрменді пайдаланушының ұялы құрылғысына жіберу үшін:
Қалтаның жұмыс аймағында басқарылатын ұялы құрылғылардың тізімі көрсетіледі.
Таңдалған пәрменге байланысты, Пәрмен жіберу түймесін басқаннан кейін пәрменнің қосымша параметрлерін конфигурациялау терезесі ашылуы мүмкін. Мысалы, ұялы құрылғыдан provisioning профилін жоюға арналған жіберу кезінде бағдарлама ұялы құрылғыдан жою қажет provisioning профилін таңдауды ұсынады. Терезеде пәрменнің қосымша параметрлерін көрсетіп, таңдауыңызды растаңыз. Содан соң, пәрмен ұялы құрылғыға жіберіледі.
Қайтадан жіберу түймесі бойынша пәрменді пайдаланушының ұялы құрылғысына тағы да бір рет жіберуге болады.
Пәрмен әлі орындалмаған болса, Кезектен жою түймесі арқылы, жіберілген пәрменнің орындалуын болдырмауға болады.
Пәрмендер журналы бөлімі мобильдік құрылғыға жіберілген пәрмендерді сәйкес орындалу күйлерімен көрсетеді. Пәрмендер тізімін жаңарту үшін Жаңарту түймесін басыңыз.