Конфигурациялық профиль жасау үшін Apple Inc. веб-сайтында қолжетімді Apple Configurator 2 пайдалануға болады. Apple Configurator 2 тек macOS жүйесі бар құрылғыларда жұмыс істейді; сізде мұндай құрылғылар болмаса, оның орнына басқару консолі бар құрылғыда iPhone конфигурациялау утилитасын пайдалануға болады. Apple Inc. енді iPhone Configuration Utility қолдамайды.
iPhone Configuration Utility көмегімен конфигурациялық профильді жасау және оны iOS MDM серверіне қосу үшін:
Ұялы құрылғылар сервері сипаттары терезесі ашылады.
Жаңа конфигурациялық профиль терезесі ашылады.
Конфигурациялық профиль идентификаторы бірегей болуы, идентификатордың мәні Reverse-DNS пішімінде, мысалы, com.companyname.identifier пішімінде белгіленуі тиіс.
iPhone Configuration Utility бағдарламасы орнатылған болса, іске қосылады.
Профиль параметрлерінің сипаттамасы және оны конфигурациялау бойынша нұсқаулар iPhone Configuration Utility бағдарламасына арналған құжаттамада келтірілген.
iPhone Configuration Utility бағдарламасында профиль параметрлерін конфигурациялағаннан кейін, жаңа конфигурациялық профиль iOS MDM сервері сипаттары терезесіндегі Конфигурациялық профильдер бөлімінде көрсетіледі.
Өзгерту түймесі арқылы конфигурациялық профильді өңдеуге болады.
Импорттау түймесі арқылы конфигурациялық профильді бағдарламаға жүктеуге болады.
Экспорттау түймесі арқылы конфигурациялық профильді файлда сақтауға болады.
Жасалған профильді iOS MDM құрылғыларына орнату керек.