Ұйымның құрылғыларын басқару үшін құрылғыларға Желілік агентті орнату қажет. Ұйымның құрылғыларында Kaspersky Security Center таратылған қолданбасын орналастыру әдетте оларға Желілік агентті орнатудан басталады.
Microsoft Windows XP-де Желілік агент келесі операцияларды дұрыс емес орындауы мүмкін: жаңартуларды тікелей Kaspersky серверлерінен жүктеп алу (егер тарату нүктесінің рөлін орындаса); KSN прокси-сервері ретінде жұмыс істеу (егер тарату нүктесінің рөлін орындаса); және үшінші тараптардың бағдарламаларының осалдықтарын анықтау (Осалдықтар мен патчтарды басқаруды қолданған кезде).