Kaspersky Security Center 14.2. құрамдастары – Басқару сервері, Желілік агент, Басқару консолінің инсталляторлары Windows Installer технологиясына негізделген. Инсталлятордың өзегі – MSI пакеті болып саналады. Дистрибутив қаптамасының осындай пішімі Windows Installer технологиясының барлық артықшылықтарын қолдануға мүмкіндік береді: масштабталу, патчтау жүйесін, түрлендіру жүйесін қолдану мүмкіндігі, үшінші тарап шешімдерімен орталықтандырылған түрде орнату мүмкіндігі, операциялық жүйеде тіркелу айқындығы.