iOS MDM веб-қызметінің дұрыс жұмыс істеуі үшін, сондай-ақ ұялы құрылғылар әкімшінің пәрмендеріне уақтылы жауап беруін қамтамасыз ету үшін, iOS MDM серверінің параметрлерінде Apple Push Notification Service сертификатын (бұдан әрі - APNs сертификаты) көрсету қажет.
Apple Push Notification (бұдан әрі - APNs) сервисімен өзара әрекеттесе отырып, iOS MDM веб-қызметі api.push.apple.com сыртқы мекенжайына 2197-порт (шығыс) арқылы қосылады. Сондықтан, iOS MDM веб-қызметіне 17.0.0.0/8 мекенжайлар ауқымы үшін TCP 2197 портына қатынасу мүмкіндігін ұсыну керек. iOS құрылғысы тарапынан – 17.0.0.0/8 мекенжайлар ауқымы үшін TCP 5223 портына қатынасу.
Егер iOS MDM веб-қызметі тарапынан APNs сервисіне қатынасуды прокси-сервер арқылы жүзеге асыру көзделетін болса, онда iOS MDM веб-қызметі орнатылған құрылғыда келесі әрекеттерді орындау қажет:
HKEY_LOCAL_MACHINE\SOFTWARE\KasperskyLab\Components\34\Connectors\KLIOSMDM\1.0.0.0\Conset "ApnProxyHost"="<Proxy Host Name>" "ApnProxyPort"="<Proxy Port>" "ApnProxyLogin"="<Proxy Login>" "ApnProxyPwd"="<Proxy Password>" |
HKEY_LOCAL_MACHINE\SOFTWARE\Wow6432Node\KasperskyLab\Components\34\Connectors\KLIOSMDM\1.0.0.0\Conset "ApnProxyHost"="<Proxy Host Name>" "ApnProxyPort"="<Proxy Port>" "ApnProxyLogin"="<Proxy Login>" "ApnProxyPwd"="<Proxy Password>" |