KES құрылғыларын Kerberos Constrained Delegation (KCD) көмегімен Басқару серверіне қосу схемасы мыналарды қамтиды:
Осы қосылым схемасын пайдалану кезінде мыналарды ескеру қажет:
Пайдаланушы сертификатының жоғарыда айтылған талапқа сәйкестігі бірнеше тәсілмен қамтамасыз етілуі мүмкін:
Келесі болжамдармен KCD шектеулі табыстау конфигурациясы мысалын қарастырайық:
Басқару сервері үшін домендік есептік жазба
Басқару сервері қызметі жұмыс істейтін домендік есептік жазбаны (мысалы, KSCMobileSrvcUsr) жасау қажет. Басқару сервері қызметі үшін есептік жазбаны, Басқару серверін орнату кезінде немесе klsrvswch утилитасын пайдалану арқылы көрсетуге болады. klsrvswch утилитасы Басқару серверінің орнату қалтасында орналасқан. Әдепкі бойынша орнату жолы: <Диск>:\Program Files (x86)\Kaspersky Lab\Kaspersky Security Center.
Домендік есептік жазбаны келесі себептерге байланысты көрсету қажет:
http/kes4mob.mydom.local үшін Service Principal Name
KSCMobileSrvcUsr есептік жазбасы бар доменде, Басқару сервері бар құрылғының 13292-портында мобильді протокол сервисінің жарияланымы үшін Service Principal Name (SPN) жазу керек. Басқару сервері бар kes4mob.mydom.local құрылғысы үшін бұл келесідей көрінетін болады:
setspn -a http/kes4mob.mydom.local:13292 mydom\KSCMobileSrvcUsr
Кері прокси-сервері бар құрылғылардың домен сипаттарын конфигурациялау (firewall.mydom.local)
Трафикті табыстау үшін кері прокси-сервері (firewall.mydom.local) бар құрылғыны SPN (http/kes4mob.mydom.local:13292) бойынша анықталған қызметке сеніп тапсыру қажет.
Кері прокси-сервері бар құрылғыны SPN (http/kes4mob.mydom.local:13292) бойынша анықталған қызметке сеніп тапсыру үшін, әкімші келесі әрекеттерді орындауы тиіс:
Жарияланым үшін ерекше (кастомизацияланған) сертификат (kes4mob.mydom.global)
Басқару серверінің мобильді протоколын жариялау үшін FQDN kes4mob.mydom.global мекенжайына арнайы (кастомизацияланған) сертификат шығару және оны әдепкі бойынша серверлік сертификаттың орнына Басқару консоліндегі Басқару сервері мобильді протоколының параметрлерінде көрсету керек. Бұл үшін, Басқару сервері сипаттары терезесінде, Параметрлер бөлімінде Ұялы құрылғыларға арналған портты ашу жалаушасын қою және ашылмалы тізімнен Сертификат қосу тармағын таңдау керек.
Серверлік сертификаты бар контейнерде (p12 немесе pfx кеңейтімі бар файл) түбірлік сертификаттар тізбегі (жария бөліктер) болуы керек екенін де ескеру қажет.
Кері прокси-серверге жариялауды баптау
Кері прокси-серверде ұялы құрылғы тарапынан kes4mob.mydom.global атты 13292-портқа баратын трафик үшін, FQDN kes4mob.mydom.global атауына арнап шығарылған серверлік сертификатты қолдану арқылы SPN http/kes4mob.mydom.local:13292 мекенжайына KCD конфигурациялау керек. Жарияланымда да, жарияланатын қатынасу нүктесінде де (Басқару серверінің 13292-порты) бірдей серверлік сертификат болуы керек екенін ескеру қажет.