Желілік агент профилін Басқару серверіне қосу тек Windows және macOS операциялық жүйесі басқаратын құрылғылар үшін ғана қолжетімді.
Желілік агентті автономды пайдаланушыларға арналған Басқару серверіне қосу профилін жасау үшін:
Консоль ағашында, Серверге Желілік агентті қосу профилін жасау қажет болған клиент құрылғылары үшін басқару тобын таңдаңыз.
Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
Топтың барлық құрылғылары үшін қосылым профилін жасағыңыз келсе, Саясаттар қойыншасындағы топтың жұмыс аймағында Желілік агенттің саясатын таңдаңыз. Таңдалған саясат сипаттары терезесін ашыңыз.
Топтың құрамында таңдалған құрылғы үшін қосылым профилін жасағыңыз келсе, Құрылғылар қойыншасындағы топтың жұмыс аймағында құрылғыны таңдап, келесі әрекеттерді орындаңыз:
Таңдалған құрылғы сипаттары терезесін ашыңыз.
Құрылғы сипаттары терезесінің Бағдарламалар бөлімінде Желілік агентті таңдаңыз.
Желілік агент сипаттары терезесін ашыңыз.
Қосылым мүмкіндігі бөлімі сипаттары терезесінде Байланыс профильдері салынған бөлімін таңдаңыз.
Басқару серверіне қосылу профильдері блогында Қосу түймесін басыңыз.
Әдепкі бойынша, қосылым профильдері тізімі <Офлайн-режим> және <Үйдегі Басқару сервері> профильдерін қамтиды. Профильдер өзгерту және жою үшін қолжетімді емес.
<Офлайн-режим> профилінде қосылуға арналған Сервер көрсетілмейді. Осы профильге өту кезінде, Желілік агент қандай да бір Серверге қосылуға тырыспайды, ал клиент құрылғыларында орнатылған бағдарламалар болса автономды пайдаланушыларға арналған саясаттарды қолданады. <Офлайн-режим> профилі құрылғыны желіден ажырату шарттарында қолданылады.
<Үйдегі Басқару сервері> профилінде, Желілік агентті орнату кезінде белгіленген қосылуға арналған Сервер көрсетілген. <Үйдегі Басқару сервері> профилі, басқа желіде жұмыс істеген құрылғы қайтадан үйдегі Басқару серверіне қосылатын шарттарда қолданылады.
Ашылған Жаңа профиль терезесінде қосылым профилінің параметрлерін конфигурациялаңыз:
Бұл параметр қосулы болса, қосылым қорғалған порт арқылы орындалатын болады (SSL протоколының көмегімен).
Әдепкі бойынша, параметр қосулы. Сіздің қосылымыңыз қауіпсіз болып қала беруі үшін, бұл параметрді өшірмеу ұсынылады.
Прокси-сервер арқылы қосылымды конфигурациялау сілтемесі бойынша прокси-сервер арқылы қосу профильдерін конфигурациялаңыз. Интернетке қосу үшін прокси-серверді қолдану керек болса, Прокси-серверді пайдалану параметрін таңдаңыз. Параметр таңдалған болса, параметрлерді енгізу өрістері қолжетімді болады. Прокси-серверге қосылудың келесі параметрлерін конфигурациялаңыз:
Жалауша қойылған болса, енгізу өрістерінде прокси-сервердегі түпнұсқалық растама үшін есептік деректерді көрсетуге болады.
Прокси-серверді пайдалану жалаушасы қойылған болса, енгізу өрісі қолжетімді.
Пайдаланушы аты (Прокси-сервердегі түпнұсқалық растама параметрі таңдалған болса, өріс қолжетімді болады)
Прокси-серверге қосылатын пайдаланушы есептік жазбасы (Прокси-сервердегі түпнұсқалық растама жалаушасы қойылған болса, өріс қолжетімді болады).
Құпиясөз (Прокси-сервердегі түпнұсқалық растама параметрі таңдалған болса, өріс қолжетімді болады)
Прокси-серверге қосылуға мүмкіндік беретін пайдаланушы құпиясөзі (Прокси-сервердегі түпнұсқалық растама жалаушасы қойылған болса, өріс қолжетімді болады).
Енгізілген құпиясөзді қарау үшін, Көрсету түймесін басып, оны қажетті уақыт бойы ұстап тұрыңыз.
Параметр қосулы болса, осы профиль арқылы қосылу кезінде, клиент бағдарламасында орнатылған бағдарламалар автономды режимдегі құрылғыларға арналған саясат профильдерін және автономды пайдаланушыларға арналған саясаттарды қолданатын болады. Бағдарлама үшін автономды пайдаланушыларға арналған саясат анықталмаған болса, бағдарлама белсенді саясатты қолданатын болады.
Параметр өшірулі болса, бағдарламалар белсенді саясаттарды қолданатын болады.
Бұл параметр қосулы болса, профиль клиент құрылғысында орнатылған бағдарламалар жаңартуларды жүктеп алған кезде ғана қолданылатын болады. Қалған операциялар үшін Басқару серверіне қосылу Желілік агентті орнату кезінде белгіленген бастапқы қосылу параметрлерімен орындалатын болады.
Бұл параметр қосулы болса, Желілік агент профильдің сипаттарында көрсетілген параметрлерді қолдана отырып, Басқару серверіне қосылады.
Бұл параметр өшірулі болса, Желілік агент орнату кезінде көрсетілген бастапқы параметрлерді қолдана отырып, Серверге қосылады.
Тек жаңартуларды алу үшін пайдалану параметрі өшірулі болса, параметр қолжетімді болады.
Әдепкі бойынша, параметр өшірулі.
Қосылу кезінде клиент құрылғысында орнатылған бағдарламалар автономды режимдегі құрылғыларға арналған саясаттардың профильдерін және Басқару сервері қолжетімді болмаса, автономды пайдаланушыларға арналған саясаттардың профильдерін қолдануы үшін Басқару сервері қолжетімсіз болғанда автономды пайдаланушы режиміне ауысу параметрін таңдаңыз. Бағдарлама үшін автономды пайдаланушыларға арналған саясат анықталмаған болса, бағдарлама белсенді саясатты қолданатын болады.
Нәтижесінде, Желілік агентті автономды пайдаланушыларға арналған Басқару серверіне қосу профилі жасалады. Желілік агентті осы профиль арқылы Серверге қосқан кезде, клиент құрылғысында орнатылған бағдарламалар автономды режимдегі құрылғыларға арналған саясаттарды немесе автономды пайдаланушыларға арналған саясаттарды қолданатын болады.