Басқару серверін дерекқорларды басқару жүйесіне (ДҚБЖ) қосу кезінде қолданылатын түпнұсқалық растама режимін анықтаңыз.
Таңдалған ДҚБЖ жүйеге байланысты, сіз келесі түпнұсқалық растама режимдерін таңдай аласыз:
Енгізілген құпиясөзді қарау үшін, Көрсету түймесін басып, оны қажетті уақыт бойы ұстап тұрыңыз.
Бағдарлама дерекқордың екі түпнұсқалық растама режимі үшін қолжетімді ме екендігін тексереді. Дерекқор қолжетімді болмаса, қате туралы хабар пайда болады және сіз дұрыс есептік деректерді көрсетуіңіз қажет.
Басқару серверінің дерекқоры басқа құрылғыда болса және Басқару серверінің есептік жазбасы дерекқордың серверіне қатынаса алмаса, онда Басқару серверін орнату немесе жаңарту кезінде SQL серверінің түпнұсқалық растамасы режимін қолданған жөн. Бұл, дерекқоры бар құрылғы доменде болмаған кезде немесе Басқару сервері LocalSystem есептік жазбасымен орнатылған жағдайда орын алуы мүмкін.