Тапсырманы өзгерту. Өзгерістерді шегіндіру
Тапсырманы өзгерту үшін:
- Консоль ағашында Тапсырмалар қалтасын таңдаңыз.
- Тапсырмалар қалтасының жұмыс аймағында тапсырманы таңдап, мәнмәтіндік мәзірдің көмегімен тапсырма сипаттары терезесіне өтіңіз.
- Қажетті өзгерістер енгізіңіз.
Тапсырма ауқымынан шығарып тастау бөлімінде тапсырма таралмайтын салынған топтар тізімін конфигурациялауға болады.
- Қолдану түймесін басыңыз.
Тапсырма өзгерістері тапсырма сипаттары терезесінде, Тексерістер журналы бөлімінде сақталады.
Қажет болса, тапсырма өзгерістерін шегіндіре аласыз.
Тапсырма өзгерістерін шегіндіру үшін:
- Консоль ағашында Тапсырмалар қалтасын таңдаңыз.
- Өзгерістерін шегіндіру қажет болған тапсырманы таңдап, мәнмәтіндік мәзірдің көмегімен тапсырма сипаттары терезесіне өтіңіз.
- Тапсырма сипаттары терезесінде Тексерістер журналы бөлімін таңдаңыз.
- Тапсырманы тексеру тізімінде, өзгерістерін шегіндіру қажет болған тексеру нөмірін таңдаңыз.
- Кеңейтілген түймесін басыңыз да, ашылатын тізімнен Шегіндіру мәнін таңдаңыз.
Басына оралу