Консоль ағашында саясат профилін белсендіру ережесін жасау үшін басқару тобын таңдаңыз.
Топтың жұмыс аймағында Саясаттар қойыншасын таңдаңыз.
Саясатты таңдап, мәтінмәндік мәзір арқылы саясат сипаттары терезесіне өтіңіз.
Саясат сипаттары терезесінде Саясат профильдері бөлімін таңдаңыз.
Белсендіру ережесін жасау қажет болған саясат профилін таңдап, Сипаттар түймесін басыңыз.
Нәтижесінде, саясат профилі сипаттары терезесі ашылады.
Саясат профильдері тізімі бос болса, саясат профилін жасай аласыз.
Белсендіру ережелері бөлімін таңдап, Қосылуда түймесін басыңыз.
Нәтижесінде, жаңа саясат профилін белсендіру ережесін орнату шебері іске қосылады.
Саясат профилін белсендіру ережелері терезесінде жасалғалы жатқан саясат профилін белсендіруге әсер етуі тиісті шарттарға қарама-қарсы жалаушалар қойыңыз:
Құрылғының автономды режимі күйіне, құрылғыны Басқару серверіне қосу ережелеріне және құрылғыға тағайындалған тегтерге байланысты құрылғыдағы саясат профилін белсендіру ережелерін конфигурациялау үшін жалаушаны қойыңыз.
Құрылғының Active Directory бөлімшесінде орналасуына немесе құрылғының не оның иесінің Active Directory қауіпсіздік тобына мүше болуына байланысты құрылғыдағы саясат профилін белсендіру ережелерін конфигурациялау үшін жалаушаны қойыңыз.
Құрылғының иесі кім екеніне және құрылғының Kaspersky Security Center ішкі қауіпсіздік тобына мүше болуына байланысты құрылғыдағы саясат профилін белсендіру ережелерін конфигурациялау үшін жалаушаны қойыңыз.
Жадтың көлеміне және құрылғының логикалық процессорларының санына байланысты құрылғыдағы саясатты белсендіру шартын конфигурациялау үшін жалаушаны қойыңыз.
Шебер терезелерінің кейінгі саны осы қадамдағы параметрлерді таңдауға байланысты. Саясат профилін белсендіру ережелерін кейінірек өзгертуге болады.
Жалпы шарттар бөлімінде келесі параметрлерді көрсетіңіз:
Құрылғы көрсетілген желілік орында орналасқан өрісінде, ашылатын тізімдердің көмегімен құрылғыда Басқару серверіне қосылу ережесін орындаған/орындамаған кезде саясат профилін белсендіруді конфигурациялаңыз:
Шарттарын орындау немесе орындамау кезінде саясат профилі белсендірілетін Басқару серверіне қосылуға арналған құрылғының желілік орнының сипаттамасы.
Басқару серверіне қосылу үшін құрылғылардың желілік орнының сипаттамасын Желілік агентті ауыстырып қосу ережесінде жасауға немесе конфигурациялауға болады.
Жалпы шарттар терезесі, Саясат профилін белсендірудің жалпы ережелері жалаушасы қойылған кезде көрсетіледі.
Тегтер пайдаланылатын шарттар бөлімінде келесі параметрлерді көрсетіңіз:
Тегтер тізімінде қажетті тегтерге жалаушалар қою арқылы құрылғыларды саясат профиліне қосу ережесін белгілеңіз.
Тізімге жаңа тегтерді қосу үшін оларды тізімнің үстіндегі өріске енгізіп, Қосу түймесін басуыңызға болады.
Саясат профиліне, сипаттамасында барлық таңдалған тегтері бар құрылғылар қосылады. Жалаушалар алынып тасталса, өлшемшарт қолданылмайды. Әдепкі бойынша, жалаушалар алынып тасталған.
Тег таңдауын терістету қажет болса, параметрді қосыңыз.
Параметр қосулы болса, онда саясат профиліне, сипаттамасында таңдалған тегтері жоқ құрылғылар қосылады. Бұл параметр өшірулі болса, өлшемшарт қолданылмайды.
Әдепкі бойынша, параметр өшірулі.
Тегтер пайдаланылатын шарттар терезесі, Саясат профилін белсендірудің жалпы ережелері жалаушасы қойылған кезде көрсетіледі.
Active Directory пайдаланылатын шарттар бөлімінде келесі параметрлерді көрсетіңіз:
Параметр қосулы болса, онда саясат профилі, иесі аталған қауіпсіздік тобының мүшесі болып табылатын құрылғыда іске қосылады. Бұл параметр өшірулі болса, профильді белсендіру өлшемшарты қолданылмайды. Әдепкі бойынша, параметр өшірулі.
Параметр қосулы болса, құрылғыда саясат профилі белсендіріледі. Бұл параметр өшірулі болса, профильді белсендіру өлшемшарты қолданылмайды. Әдепкі бойынша, параметр өшірулі.
Параметр қосулы болса, саясат профилі көрсетілген Active Directory бөлімшесіне кіретін құрылғыда белсендіріледі. Бұл параметр өшірулі болса, профильді белсендіру өлшемшарты қолданылмайды.
Әдепкі бойынша, параметр өшірулі.
Active Directory пайдаланылатын шарттар терезесі, Active Directory қызметін пайдалану ережелері жалаушасы қойылған кезде көрсетіледі.
Құрылғы иесі пайдаланылатын шарттар бөлімінде келесі параметрлерді көрсетіңіз:
Құрылғының иесі бойынша құрылғыдағы профильді белсендіру ережесін конфигурациялау және қосу үшін параметрді қосыңыз. Жалауша астындағы ашылмалы тізімнен профильді белсендіру өлшемшартын таңдауға болады:
құрылғы көрсетілген иеленушіге тисілі ("=" белгісі);
құрылғы көрсетілген иеленушіге тисілі емес ("#" белгісі).
Параметр қосулы болса, құрылғыдағы профильді белсендіру конфигурацияланған өлшемшартқа сәйкес орындалады. Параметр қосылған кезде, құрылғы иесін көрсетуіңізге болады. Бұл параметр өшірулі болса, профильді белсендіру өлшемшарты қолданылмайды. Әдепкі бойынша, параметр өшірулі.
Kaspersky Security Center ішкі қауіпсіздік тобындағы құрылғы иесінің мүшелігі бойынша құрылғыдағы профильді белсендіру ережесін конфигурациялау және қосу үшін параметрді қосыңыз. Жалауша астындағы ашылмалы тізімнен профильді белсендіру өлшемшартын таңдауға болады:
құрылғының иесі көрсетілген қауіпсіздік тобының мүшесі ("=" белгісі);
құрылғының иесі көрсетілген қауіпсіздік тобының мүшесі емес ("#" белгісі).
Параметр қосулы болса, құрылғыдағы профильді белсендіру конфигурацияланған өлшемшартқа сәйкес орындалады. Сіз Kaspersky Security Center қауіпсіздік тобын көрсете аласыз. Бұл параметр өшірулі болса, профильді белсендіру өлшемшарты қолданылмайды. Әдепкі бойынша, параметр өшірулі.
Құрылғы иесінің белгілі бір рөлінің болуына байланысты, құрылғыда саясат профилін белсендіру ережесін конфигурациялау және қосу үшін осы параметрді қосыңыз. Қолданыстағы рөлдер тізімінен рөлді қолмен қосыңыз.
Параметр қосулы болса, құрылғыдағы профильді белсендіру конфигурацияланған өлшемшартқа сәйкес орындалады.
Құрылғы иесі пайдаланылатын шарттар терезесі, Арнайы құрылғының иесіне арналған ережелер жалаушасы қойылған кезде көрсетіледі.
Жабдық сипаттамалары пайдаланылатын шарттар бөлімінде келесі параметрлерді көрсетіңіз:
Құрылғының жедел жад көлемі бойынша құрылғыдағы профильді белсендіру ережесін конфигурациялау және қосу үшін параметрді қосыңыз. Жалауша астындағы ашылмалы тізімнен профильді белсендіру өлшемшартын таңдауға болады:
құрылғының жедел жады көлемі көрсетілген мәннен аз ("<" белгісі);
құрылғының жедел жады көлемі көрсетілген мәннен артық (">" белгісі).
Параметр қосулы болса, құрылғыдағы профильді белсендіру конфигурацияланған өлшемшартқа сәйкес орындалады. Құрылғының жедел жадының көлемін көрсетуге болады. Бұл параметр өшірулі болса, профильді белсендіру өлшемшарты қолданылмайды. Әдепкі бойынша, параметр өшірулі.
Құрылғының логикалық процессорлардың саны бойынша құрылғыдағы профильді белсендіру ережесін конфигурациялау және қосу үшін параметрді қосыңыз. Жалауша астындағы ашылмалы тізімнен профильді белсендіру өлшемшартын таңдауға болады:
құрылғының логикалық процессорларының саны көрсетілген мәннен аз немесе оған тең ("<" белгісі);
құрылғының логикалық процессорларының саны көрсетілген мәннен артық немесе оған тең (">" белгісі).
Параметр қосулы болса, құрылғыдағы профильді белсендіру конфигурацияланған өлшемшартқа сәйкес орындалады. Құрылғының логикалық процессорларының санын көрсетуіңізге болады. Бұл параметр өшірулі болса, профильді белсендіру өлшемшарты қолданылмайды. Әдепкі бойынша, параметр өшірулі.
Жабдық сипаттамалары пайдаланылатын шарттар терезесі, Жабдық сипаттамалары ережелері жалаушасы қойылған кезде көрсетіледі.
Саясат профилін белсендіру ережесінің аты терезесінде, Ереженің атауы өрісінде ереженің атауын көрсетіңіз.
Нәтижесінде, профиль сақталады. Белсендіру ережелері орындалған кезде профиль құрылғыда белсендіріледі.
Профиль үшін жасалған саясат профилін белсендіру ережелері Белсендіру ережелері бөліміндегі саясат профилінің сипаттарында көрсетіледі. Саясат профилін белсендіру ережесін өзгертуге немесе жоюға болады.
Бірнеше белсендіру ережесі бір уақытта орындалуы мүмкін.