Kaspersky Security Center бағдарламасы, басқарылатын бағдарламаларға орнатылған Kaspersky Басқару сервері мен бағдарламаларының жұмысы барысында орын алған оқиғалар туралы ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Оқиғалар туралы ақпарат Басқару серверінің дерекқорында сақталады. Сіз осы ақпараты сыртқы SIEM жүйелеріне экспорттай аласыз. Оқиғалар туралы ақпаратты сыртқы SIEM жүйелеріне экспорттау арқасында SIEM жүйелерінің әкімшілері басқарылатын құрылғыларда немесе басқару топтарында орын алған қауіпсіздік жүйелерінің оқиғаларына тез арада ден қоя алатын болады.
Оқиға түрлері
Kaspersky Security Center-де хабарландырулардың келесі түрлері бар:
Оқиғалар көздері
Оқиғалар келесі бағдарламалар тарапынан жасалуы мүмкін:
Kaspersky басқарылатын қолданбалары жасайтын оқиғалар туралы қосымша ақпарат тиісті қолданба құжаттамасында келтірілген.
Қолданба жасай алатын оқиғалардың толық тізімі қолданба саясатындағы Оқиғаларды конфигурациялау қойындысында келтірілген. Басқару сервері үшін, Басқару серверінің сипаттарындағы оқиғалар тізімін қосымша түрде қарап шығуға болады.
Оқиғаның маңыздылық деңгейі
Әрбір оқиғаның өзіндік маңыздылық деңгейі бар. Туындау шарттарына байланысты, оқиғаға түрлі маңыздылық деңгейлері белгіленуі мүмкін. Оқиғалар маңыздылығының төрт деңгейі бар:
Әрбір оқиға үшін Kaspersky Security Center-де қарап шығуға немесе өзгертуге болатын сақтау уақыты белгіленген. Кейбір оқиғалар Басқару серверінің дерекқорында әдепкі бойынша сақталмайды, себебі олар үшін белгіленген уақыт нөлге тең. Сыртқы жүйелерге, Басқару серверінің дерекқорында кемінде бір күн бойы сақталатын оқиғалар ғана экспортталуы мүмкін.