Бағдарламаны іске қосуға тыйым салынған және Бағдарламаны сынақ режимінде іске қосуға тыйым салынған оқиғаларымен байланысты орындалатын файлдарды қолмен толықтырылатын қолданыстағы бағдарламалар санатына немесе жаңа бағдарламалар санатына қоса аласыз.
Қолданбаны басқару оқиғаларымен байланысты орындалатын файлдарды қолданба санатына қосу үшін:
Консоль ағашында өзіңізге қажетті Басқару серверінің атауы бар торапты таңдаңыз.
Тораптың жұмыс аймағында Оқиғалар қойыншасын таңдаңыз.
Оқиғалар қойыншасында өзіңізге қажетті оқиғаны таңдаңыз.
Оқиғаның контекстік мәзірінен Санатқа қосу тармағын таңдаңыз.
Ашылған Оқиғаға қатысты орындалатын файл бойынша әрекет терезесінде қажетті параметрлерді белгілеңіз:
Файлдарға сертификат арқылы қол қоюға болады. Бұл арада, бір сертификатпен бірнеше файлға қол қоюға болады. Мысалы, бір бағдарламаның әртүрлі нұсқаларына бір сертификатпен қол қоюға болады немесе бір өндірушінің бірнеше түрлі бағдарламаларына бір сертификатпен қол қоюға болады. Сертификатты таңдаған кезде санатқа бағдарламаның бірнеше нұсқасы немесе бір өндірушінің бірнеше бағдарламасы кіруі мүмкін.
Әрбір файлдың өзіндік бірегей SHA256 хэш функциясы бар. SHA256 хэш функциясын таңдағанда, санатқа бағдарламаның белгіленген нұсқасы сияқты бір ғана тиісті файл кіреді.
Санат ережелеріне орындалатын файл сертификатының деректерін немесе сертификаты жоқ файлдар үшін SHA256 хэш функциясын қосу қажет болса, осы нұсқаны таңдаңыз.
Файлдарға сертификат арқылы қол қоюға болады. Бұл арада, бір сертификатпен бірнеше файлға қол қоюға болады. Мысалы, бір бағдарламаның әртүрлі нұсқаларына бір сертификатпен қол қоюға болады немесе бір өндірушінің бірнеше түрлі бағдарламаларына бір сертификатпен қол қоюға болады. Сертификатты таңдаған кезде санатқа бағдарламаның бірнеше нұсқасы немесе бір өндірушінің бірнеше бағдарламасы кіруі мүмкін.
Санат ережелеріне орындалатын файл сертификатының деректерін қосу қажет болса, осы нұсқаны таңдаңыз. Орындалатын файлдың сертификаты болмаса, ондай файлды өткізіп жіберуге болады. Ол туралы ақпарат санатқа қосылмайды.
Әрбір файлдың өзіндік бірегей SHA256 хэш функциясы бар. SHA256 хэш функциясын таңдағанда, санатқа бағдарламаның белгіленген нұсқасы сияқты бір ғана тиісті файл кіреді.
Санат ережелеріне тек орындалатын файлдың SHA256 хеш функциясының деректерін ғана қосу керек болса, осы нұсқаны таңдаңыз.
Әрбір файлдың өзіндік бірегей MD5 хэш функциясы бар. MD5 хэш функциясын таңдағанда, санатқа бағдарламаның белгіленген нұсқасы сияқты бір ғана тиісті файл кіреді.
Санат ережелеріне тек орындалатын файлдың MD5 хеш функциясының деректерін ғана қосу керек болса, осы нұсқаны таңдаңыз. MD5 хеш функциясын есептеп шығаруға Kaspersky Endpoint Security 10 Service Pack 1 for Windows және одан да төмен нұсқалар үшін қолдау көрсетіледі.