Төмендегі кестелерде Басқару серверлерінде және клиент құрылғыларында ашылуы тиісті порттар атап көрсетілген. Қаласаңыз, әдепкі бойынша порт нөмірлерін өзгерте аласыз.
Төмендегі кестеде Басқару серверінде ашылуы тиісті порттар атап көрсетілген. Басқару сервері мен дерекқорды әртүрлі құрылғыларға орнатқан болсаңыз, дерекқор орналасқан құрылғыдағы қажетті порттарды (мысалы, MySQL Server үшін 3306-порт, Microsoft SQL Server үшін 1433-порт немесе PostgreSQL және Postgres Pro үшін 5432-порт) қолжетімді етуіңіз қажет. Толығырақ ақпарат ДҚБЖ құжаттамасында көрсетілген.
Басқару серверінде ашылуы тиісті порттар
Порт нөмірі |
Портты ашатын процесс атауы |
Протокол |
Портты тағайындау |
Аймақ |
---|---|---|---|---|
8060 |
klcsweb |
TCP |
Клиент құрылғыларына жарияланған орнату пакеттерін беру |
Орнату пакеттерін жариялау. Әдепкі бойынша порт нөмірін Басқару консоліндегі Басқару сервері сипаттары терезесінің Веб-сервер бөлімінде немесе Kaspersky Security Center Web Console веб-консолінде өзгерте аласыз. |
8061 |
klcsweb |
TCP (TLS) |
Клиент құрылғыларына жарияланған орнату пакеттерін беру |
Орнату пакеттерін жариялау. Әдепкі бойынша порт нөмірін Басқару консоліндегі Басқару сервері сипаттары терезесінің Веб-сервер бөлімінде немесе Kaspersky Security Center Web Console веб-консолінде өзгерте аласыз. |
13000 |
klserver |
TCP (TLS) |
Желілік агенттерден және қосалқы Басқару серверлерінен қосылымдарды қабылдау; басты Серверден қосылымдарды қабылдау үшін қосалқы серверлерде де қолданылады (мысалы, егер қосалқы Сервер демилитаризацияланған аймақта болса) |
Клиенттік құрылғыларды және бағынышты Басқару серверлерді басқару. Қосылым порттарын конфигурациялау кезінде желілік агенттерден қосылымдарды қабылдайтын әдепкі порт санын өзгертуге болады; басқару консолінде немесе Kaspersky Security Center Web Console-де басқару серверлерінің иерархиясын жасаған кезде, қосымша басқару северлерінен қосылымдарды қабылдайтын әдепкі порт санын өзгертуге болады. |
13000 |
klserver |
UDP |
Желілік агенттерден құрылғыларды өшіру туралы ақпарат қабылдау |
Клиент құрылғыларын басқару. Әдепкі бойынша порт нөмірін Басқару консоліндегі Желілік агент сипаттары параметрлерінде немесе Kaspersky Security Center Web Console веб-консолінде өзгерте аласыз. |
13291 |
klserver |
TCP (TLS) |
Басқару консолінен Басқару серверіне қосылымдар қабылдау |
Басқару серверін басқару. Әдепкі бойынша порт нөмірін Басқару консоліндегі Басқару сервері сипаттары терезесінде өзгерте аласыз. |
13299 |
klserver |
TCP (TLS) |
Kaspersky Security Center Web Console веб-консолінен Басқару серверіне қосылымдар алу; Басқару серверінен OpenAPI арқылы қосылымдар алу |
Kaspersky Security Center Web Console, OpenAPI. Әдепкі бойынша порт нөмірін Microsoft Management Console (MMC) консолі негізінде Басқару консоліндегі Басқару сервері сипаттары терезесінде (Жалпы бөлімінің Қосылу порттары бөлікшесінде), не болмаса Басқару консолінде Басқару серверлерінің иерархиясын жасау кезінде консолінде немесе Kaspersky Security Center Web Console веб-консолінде өзгерте аласыз. |
14000 |
klserver |
TCP |
Желілік агенттерден қосылымдар қабылдау |
Клиент құрылғыларын басқару. Сіз әдепкі бойынша порт нөмірін Kaspersky Security Center орнатқанда қосылу порттарын конфигурациялау кезінде немесе клиент құрылғысын Басқару серверіне қолмен қосу кезінде өзгерте аласыз. |
13111 (құрылғыда KSN прокси-сервері қызметі іске қосылған болса ғана) |
ksnproxy |
TCP |
Басқарылатын құрылғылардан KSN прокси-серверіне қатысты сұрауларды қабылдау |
KSN прокси-сервері. Әдепкі бойынша порт мәндерін Басқару сервері сипаттары терезесінде өзгерте аласыз. |
15111 (құрылғыда KSN прокси-сервері қызметі іске қосылған болса ғана) |
ksnproxy |
UDP |
Басқарылатын құрылғылардан KSN прокси-серверіне қатысты сұрауларды қабылдау |
KSN прокси-сервері. Әдепкі бойынша порт мәндерін Басқару сервері сипаттары терезесінде өзгерте аласыз. |
17000 |
klactprx |
TCP (TLS) |
Басқарылатын құрылғылардан бағдарламаларды белсендіру үшін қосылымдарды қабылдау (ұялы құрылғылардан басқа) |
Ұялы емес құрылғылар белсендіру кодтарының көмегімен Kaspersky бағдарламаларын белсендіру үшін қолданатын белсендіру прокси-сервері. Әдепкі бойынша порт мәндерін Басқару сервері сипаттары терезесінде өзгерте аласыз. |
17100 (ұялы құрылғыларды басқарсаңыз ғана) |
klactprx |
TCP (TLS) |
Ұялы құрылғылардан қолданбаларды белсендіру үшін қосылымдарды қабылдау |
Ұялы құрылғыларға арналған белсендіру прокси-сервері. Әдепкі бойынша порт мәндерін Басқару сервері сипаттары терезесінде өзгерте аласыз. |
19170 |
klserver |
HTTPS (TLS) |
klsctunnel утилитасы көмегімен басқарылатын құрылғылармен байланысты туннельдеу |
Басқарылатын құрылғыларға Kaspersky Security Center Web Console веб-консолі арқылы қашықтан қосылу. Басқару сервері сипаттары терезесіндегі (Жалпы бөлімінің Қосымша порттар бөлікшесіндегі) әдепкі бойынша порт нөмірін тек Басқару консолінде ғана өзгерте аласыз. |
13292 (ұялы құрылғыларды басқарсаңыз ғана) |
klserver |
TCP (TLS) |
Ұялы құрылғылардан қосылымдар қабылдау |
Ұялы құрылғыларды басқару. Әдепкі бойынша порт нөмірін Басқару консоліндегі Басқару сервері сипаттары терезесінде немесе Kaspersky Security Center Web Console веб-консолінде өзгерте аласыз. |
13294 (ұялы құрылғыларды басқарсаңыз ғана) |
klserver |
TCP (TLS) |
UEFI деңгейлі қорғанысты құрылғылардан қосылымдар қабылдау |
UEFI деңгейлі қорғанысты клиент құрылғыларын басқару. Әдепкі бойынша порт нөмірін ұялы құрылғыларды қосу кезінде немесе кейінірек Басқару консоліндегі Басқару сервері сипаттары терезесінде (Жалпы бөлімінің Қосымша порттар бөлікшесінде) немесе Kaspersky Security Center Web Console веб-консолінде өзгерте аласыз. |
13296 |
klserver |
TCP (TLS) |
Prometheus үшін Kaspersky Security Center көрсеткіштерін жариялау |
Prometheus кейінірек алатын Kaspersky Security Center көрсеткіштерін жариялау. Метрикаларды мына сілтемеден көре аласыз: https://< Әдепкі бойынша порт нөмірін Басқару консоліндегі Басқару сервері сипаттары терезесінде өзгерте аласыз. |
30522, 30523 (localhost интерфейсіндегі порттар) |
klnagent |
TCP |
FileTransferBridge компоненті арқылы Басқару серверінен Kaspersky бағдарламалары үшін жаңартуларды алу |
Kaspersky бағдарламалары үшін жаңартуларды алатын Басқару сервер құрылғысы. |
Төмендегі кестеде, iOS MDM серверінде ашылуы тиісті порт көрсетілген (ұялы құрылғыларды басқарсаңыз ғана).
Kaspersky Security Center iOS MDM сервері қолданатын порт
Порт нөмірі |
Портты ашатын процесс атауы |
Протокол |
Портты тағайындау |
Аймақ |
---|---|---|---|---|
443 |
kliosmdmservicesrv
|
TCP (TLS) |
iOS ұялы құрылғыларынан қосылымдар қабылдау |
Ұялы құрылғыларды басқару. iOS MDM серверін орнату кезінде әдепкі бойынша порт нөмірін өзгерте аласыз. |
Төмендегі кестеде, Kaspersky Security Center Web Console Server серверінде ашылуы тиісті порт көрсетілген. Бұл, Басқару сервері орнатылған дәл сол құрылғы, не болмаса басқа құрылғы болуы мүмкін.
Kaspersky Security Center Web Console Server қолданатын порт
Порт нөмірі |
Портты ашатын процесс атауы |
Протокол |
Портты тағайындау |
Аймақ |
---|---|---|---|---|
8080
|
Node.js: серверлік JavaScript
|
TCP (TLS) |
Браузерден қосылымдар қабылдау және Kaspersky Security Center Web Console веб-консоліне жіберу |
Kaspersky Security Center Web Console. Windows немесе Linux басқаратын құрылғыда Kaspersky Security Center Web Console орнату кезінде әдепкі бойынша порт нөмірін өзгерте аласыз. Kaspersky Security Center Web Console веб-консолін ALT Linux операциялық жүйесі бар құрылғыға орнатып жатсаңыз, онда 8080-порттан ерекшеленетін портты көрсету керек, себебі 8080-портты операциялық жүйе қолданады. |
Төмендегі кестеде, Желілік агент орнатылған басқарылатын құрылғыларда ашық болуы тиісті порт көрсетілген.
Желілік агент қолданатын порттар
Порт нөмірі |
Портты ашатын процесс атауы |
Протокол |
Портты тағайындау |
Аймақ |
---|---|---|---|---|
15000 |
klnagent
|
UDP |
Басқару серверінен немесе тарату нүктесінен желілік агенттерге берілетін сигналдарды басқару |
Клиент құрылғыларын басқару. Әдепкі бойынша порт нөмірін Басқару консоліндегі Желілік агент сипаттары параметрлерінде немесе Kaspersky Security Center Web Console веб-консолінде өзгерте аласыз. |
15000 |
klnagent |
UDP бойынша кеңінен тарататын таратылым |
Дәл сол кеңінен тарататын домендегі басқа Желілік агенттер туралы деректер алу (бұдан әрі деректер Басқару серверіне жіберіледі) |
Жаңартулар мен орнату пакеттерін жеткізу. |
15001 |
klnagent |
UDP |
Тарату нүктелерінен көп мекенжайлы сұрауларды алу (қолданылса) |
Тарату нүктесінен жаңартулар мен орнату пакеттерін алу. Әдепкі бойынша порт нөмірін Басқару консоліндегі тарату нүктесі сипаттары терезесінде немесе Kaspersky Security Center Web Console веб-консолінде өзгерте аласыз. |
30522, 30523 (localhost интерфейсіндегі порттар) |
klnagent |
TCP |
FileTransferBridge компоненті арқылы Басқару серверінен Kaspersky бағдарламалары үшін жаңартуларды алу |
Дерекқор жаңартуларының көзі ретінде көрсетілген Басқару серверінен Kaspersky қолданбасының жаңартуларын алатын басқарылатын құрылғылар. |
161 |
klnagent |
SNMP |
Желілік құрылғыларды бақылау және табу |
Құрылғыларды табу. |
klnagent процесі мақсатты құрылғының операциялық жүйесі порттарының динамикалық ауқымынан бос порттарды да сұрай алатынын ескеріңіз. Операциялық жүйе бұл порттарды klnagent процесіне автоматты түрде тағайындайды, сондықтан klnagent процесі басқа бағдарламалық жасақтама пайдаланатын кейбір порттарды пайдалануы мүмкін. Егер klnagent процесі осы бағдарламалық жасақтамаға әсер етсе, бағдарламалық жасақтамадағы порт параметрлерін өзгертіңіз немесе осы бағдарламалық жасақтама пайдаланатын портты қоспау үшін операциялық жүйеңіздегі әдепкі бойынша порттың динамикалық ауқымын өзгертіңіз.
Kaspersky Security Center қолданбасының үшінші тарап бағдарламалық құралымен үйлесімділігі туралы ұсыныстар тек анықтама үшін берілгенін және үшінші тарап бағдарламалық құралының жаңа нұсқаларына қолданылмауы мүмкін екенін ескеріңіз. Порттарды орнату бойынша сипатталған ұсыныстар техникалық қолдау қызметінің тәжірибесіне және ең жақсы тәжірибелерімізге негізделген.
Төмендегі кестеде, тарату нүктесі рөлін атқаратын Желілік агенті орнатылған басқарылатын құрылғыда ашылуы тиісті порттар көрсетілген. Атап көрсетілген порттар, Желілік агенттер қолданатын порттарға қосымша ретінде, тарату нүктелерінің рөлін атқаратын құрылғыларда ашылуы тиіс (жоғарыдағы кестені қараңыз).
Тарату нүктесі ретінде жұмыс істейтін Желілік агент қолданатын порттар
Порт нөмірі |
Портты ашатын процесс атауы |
Протокол |
Портты тағайындау |
Аймақ |
---|---|---|---|---|
13000 |
klnagent |
TCP (TLS) |
Тарату нүктесі демилитаризацияланған аймақта қосылым шлюзі ретінде әрекет еткен кезде Желілік агенттерден және Kaspersky Security Center-ден қосылымдар қабылдау. Басқару сервері орнатылған құрылғы тарату нүктесі ретінде көрсетілсе, SSL қосылымы үшін әдепкі бойынша 13000 портының орнына 13001 порты пайдаланылады. |
Клиент құрылғыларын басқару, жаңартулар мен орнату пакеттерін жеткізу. Толығырақ келесі бөлімді қараңыз: Басқару сервері, желі сегментіндегі қосылымдар шлюзі және клиент құрылғысы. Әдепкі бойынша порт нөмірін Басқару консоліндегі тарату нүктесі сипаттары терезесінде немесе Kaspersky Security Center Web Console веб-консолінде өзгерте аласыз. |
13111 (құрылғыда KSN прокси-сервері қызметі іске қосылған болса ғана)
|
ksnproxy
|
TCP
|
Басқарылатын құрылғылардан KSN прокси-серверіне қатысты сұрауларды қабылдау
|
KSN прокси-сервері. Әдепкі бойынша порт нөмірін Басқару консоліндегі тарату нүктесі сипаттары терезесінде немесе Kaspersky Security Center Web Console веб-консолінде өзгерте аласыз. |
15111 (құрылғыда KSN прокси-сервері қызметі іске қосылған болса ғана)
|
ksnproxy |
UDP |
Басқарылатын құрылғылардан KSN прокси-серверіне қатысты сұрауларды қабылдау |
KSN прокси-сервері. Әдепкі бойынша порт нөмірін Басқару консоліндегі тарату нүктесі сипаттары терезесінде немесе Kaspersky Security Center Web Console веб-консолінде өзгерте аласыз. |
17111 (құрылғыда KSN прокси-сервері қызметі іске қосылған болса ғана) |
ksnproxy |
HTTPS |
Басқарылатын құрылғылардан KSN прокси-серверіне қатысты сұрауларды қабылдау |
KSN прокси-сервері. Әдепкі бойынша порт нөмірін Басқару консоліндегі тарату нүктесі сипаттары терезесінде немесе Kaspersky Security Center Web Console веб-консолінде өзгерте аласыз. |
13295 (тарату нүктесін push-сервер ретінде қолдансаңыз ғана) |
klnagent |
TCP (TLS) |
Клиент құрылғыларынан қосылымдар қабылдау |
Push-сервер. Әдепкі бойынша порт нөмірін Басқару консоліндегі тарату нүктесі сипаттары терезесінде немесе Kaspersky Security Center Web Console веб-консолінде өзгерте аласыз. |