Глобалды қосалқы желілердегі ішкі желінің сипаттарын қарау және өзгерту
Глобалды қосалқы желілердің тізімінде ішкі желілердің сипаттарын қарап, өзгерте аласыз.
Глобалды қосалқы желілердің тізімінде ішкі желінің сипаттарын қарау немесе өзгерту үшін:
- Консоль ағашында Басқару серверінің қажетті түйінін таңдаңыз.
- Басқару серверінің мәнмәтіндік мәзірінде Сипаттар тармағын таңдаңыз.
- Бөлімдер панелінде ашылған Сипаттар терезесінде Глобалды қосалқы желілердің тізімі бөлімін таңдаңыз.
- Тізімнен қажетті ішкі желіні таңдаңыз.
- Сипаттар түймесін басыңыз.
Жаңа ішкі желі терезесі ашылады.
- Қажет болса, ішкі желі параметрлерін өзгертіңіз.
- OK түймесін басыңыз.
Өзгерістер жасаған болсаңыз, олар сақталады.
Басына оралу