Windows Update жаңартуларын синхрондау тапсырмасы, Осалдықтар мен патчтарды басқару лицензия болған кезде қолжетімді.
Басқару серверін WSUS сервері ретінде пайдалануды қаласаңыз, Windows Update жаңартуларын синхрондау тапсырмасы керек. Бұл жағдайда, Басқару сервері Windows жаңартуларын дерекқорға жүктейді және Желілік агенттерді қолдана отырып, клиент құрылғыларында Windows Update жаңартуларын орталықтандырылған режимде ұсынады. Егер желіде WSUS сервері пайдаланылмаса, онда әрбір клиент құрылғысы Microsoft жаңартуларын сыртқы серверлерден дербес жүктейді.
Windows Update жаңартуларын синхрондау тапсырмасы Microsoft серверлерінен тек метадеректерді ғана жүктейді. Жаңартуларды орнату тапсырмасын орындау кезінде Kaspersky Security Center бағдарламасы тек сіз таңдаған жаңартуларды жүктейді.
Windows Update жаңартуларын синхрондау тапсырмасын орындау барысында, бағдарлама Microsoft жаңартулар серверінен өзекті жаңартулар тізімін алады. Содан соң, Kaspersky Security Center бағдарламасы ескірген жаңартулар тізімін анықтайды. Осалдықтарды және қажетті жаңартуларды іздеу тапсырмасын келесі жолы іске қосқан кезде, Kaspersky Security Center бағдарламасы ескірген жаңартуларды белгілеп, жою уақытын белгілейді. Windows Update жаңартуларын синхрондау тапсырмасын келесіде іске қосқан кезде, 30 күн бұрын жою жалаушасы қойылған барлық жаңарту жойылады. Kaspersky Security Center 180 күннен артық уақыт бұрын жою жалаушасы қойылған ескі жаңартуларды да тексеріп, оларды жояды.
Windows Update жаңартуларын синхрондау тапсырмасының жұмысы аяқталғаннан және дерекқорларда ескірген жаңартулар жойылғаннан кейін, жойылған жаңартулар файлдарының хеш-кодтары, сондай-ақ олар бұған дейін жүктелген болса, %AllUsersProfile%\Application Data\KasperskyLab\adminkit\1093\.working\wusfiles қалтасында оларға сай келетін файлдар қалып қоюы мүмкін. Басқару серверіне техникалық қызмет көрсету тапсырмасының көмегімен мұндай ескірген жазбаларды дерекқордан және оларға сай келетін файлдардан жоюға болады.
Windows Update жаңартуларын синхрондау тапсырмасын жасау үшін:
Жаңа тапсырма жасау шебері іске қосылады. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз.
Kaspersky Security Center бағдарламасы жаңартуларды Microsoft Windows Update Servers серверлерімен синхрондағанда, барлық файлдар туралы ақпарат Басқару серверінің дерекқорында сақталады. Сондай-ақ, дискіге Windows жаңарту агентімен өзара әрекеттесу кезінде жаңартуға қажетті барлық файлдар жүктеледі. Атап айтқанда, Kaspersky Security Center жедел орнату файлдары туралы ақпаратты дерекқорға сақтайды және қажет болған жағдайда жүктейді. Жедел орнату файлдарын жүктеу дискідегі бос орынды қысқартуға себеп болады.
Диск кеңістігі көлемінің қысқаруын азайту және трафикті төмендету үшін Жылдам орнату файлдарын жүктеп алу параметрін өшіріңіз.
Барлық бағдарламалар жалаушасы қойылған болса, онда жаңартулар барлық қолданыстағы бағдарламалар үшін, сондай-ақ болашақта шығарылуы мүмкін бағдарламалар үшін жүктеледі.
Барлық санаттар жалаушасы қойылған болса, онда жаңартулар барлық қолданыстағы жаңарту санаттары үшін, сондай-ақ болашақта пайда болуы мүмкін санаттар үшін жүктеледі.
Тапсырма жасалып, тапсырмалар тізімінде көрсетіледі.
Тапсырма жасалды және конфигурацияланды.