Windows операциялық жүйесі бар клиент құрылғысына екі жолмен қашықтан қосылуға болады:
Қашықтағы жұмыс үстеліне қосылу Windows mstsc.exe штаттық утилитасы арқылы, осы утилитаның жұмыс параметрлеріне сай орындалады.
Қашықтағы жұмыс үстеліне қосылу арқылы Windows операциялық жүйесінің көмегімен клиент құрылғысына қосылу
Пайдаланушының қашықтағы жұмыс үстелінің қолданыстағы сеансына қосылу, пайдаланушыны хабарландырусыз жүзеге асырылады. Әкімшіні сеансқа қосқаннан кейін, құрылғының пайдаланушысы сеанстан алдын ала хабарландырусыз өшіріледі.
"Қашықтағы жұмыс үстеліне қосылу" құрамдасы арқылы клиент құрылғысының жұмыс үстеліне қосылу үшін:
Нәтижесінде, қашықтағы жұмыс үстеліне қосылу үшін Windows ОЖ-нің mstsc.exe стандартты утилитасы іске қосылады.
Клиент құрылғысына қосылғаннан кейін, клиент құрылғысының жұмыс үстелі Microsoft Windows қашықтан қосылу терезесінде қолжетімді.
Windows жұмыс үстелін бірлесіп пайдалану арқылы Windows операциялық жүйесінің көмегімен клиенттік құрылғыға қосылу
Қолданыстағы қашықтағы жұмыс үстелі сеансына қосылған кезде, құрылғыдағы осы сеанстың пайдаланушысы әкімшіден қосылуға сұрау алады. Құрылғымен қашықтан жұмыс істеу процесі және осы жұмыстың нәтижелері туралы ақпарат Kaspersky Security Center есептерінде сақталмайды.
Әкімші клиент құрылғысында қолданылатын сеансқа, сол сеанста жұмыс істейтін пайдаланушыны ажыратпай, қосыла алады. Бұл жағдайда, құрылғыдағы әкімші мен сеанс пайдаланушысы жұмыс үстеліне ортақ қол жеткізе алады.
Әкімші қашықтағы клиент құрылғысында әрекеттер аудитін конфигурациялай алады. Аудит барысында, бағдарлама әкімші ашқан және/немесе өзгерткен клиент құрылғысындағы файлдар туралы ақпаратты сақтайды.
Windows жұмыс үстелін бірлесіп пайдалану арқылы клиент құрылғысының жұмыс үстеліне қосылу үшін келесі шарттар орындалуы керек:
Windows нұсқаңызда Windows Жұмыс үстелін бірлесіп пайдалану функциясы қосылғанын тексеру үшін Windows тізімдемесінде CLSID\{32BE5ED2-5C86-480F-A914-0FF8885A1B3F} қосулы екеніне көз жеткізіңіз.
Windows жұмыс үстелін бірлесіп пайдалану арқылы клиент құрылғысының Windows жұмыс үстеліне қосылу үшін:
Клиент құрылғысына сәтті қосылған жағдайда, бұл құрылғының жұмыс үстелі Kaspersky қашықтағы жұмыс үстелі сеансын көру құралы терезесінде қолжетімді болады.
Kaspersky қашықтағы жұмыс үстелі сеансын көру құралы утилитасы жұмыс істеуі үшін, коммерциялық лицензия қажет.
Басына оралу