Есепті жасау және қарау
Есепті жасау және қарау үшін:
- Консоль ағашында өзіңізге қажетті Басқару серверінің атауы бар торапты таңдаңыз.
 
- Тораптың жұмыс аймағында Есептер қойыншасын таңдаңыз.
 
- Тінтуірді екі рет басу арқылы үлгілер тізімінен өзіңізді қызықтыратын есеп үлгісін таңдаңыз.
Таңдалған есеп үлгісі көрсетіледі.
  
Есепте келесі деректер көрсетіледі:
- Есептің түрі мен атауы, оның қысқаша сипаттамасы мен есепті кезеңі және есептің қай құрылғылар тобы үшін жасалғаны туралы ақпарат.
 
- Есептің анағұрлым тән деректері бар графикалық диаграмма.
 
- Есептелетін есеп көрсеткіштері бар жиынтық кесте.
 
- есептің мәліметтер өрістері бар кесте.
 
	Басына оралу