Деректерді сақтық көшірмелеу немесе Басқару сервері деректерін тыныш режимде қалпына келтіру үшін,
Басқару сервері орнатылған құрылғының пәрмен жолында klbackup утилитасын қажетті кілттер жиынтығымен іске қосыңыз.
Утилитаның пәрмен жолының синтаксисі:
klbackup -path BACKUP_PATH [-linux_path LINUX_PATH][-node_cert CERT_PATH] [-logfile LOGFILE] [-use_ts]|[-restore] [-password PASSWORD] [-cert_only] [-online]
Егер сіз klbackup утилитасының пәрмен жолында құпиясөзді белгілемесеңіз, утилита оны интерактивті түрде енгізуді сұрайды.
Кілттердің сипаттамалары:
-path BACKUP_PATH
– ақпаратты BACKUP_PATH қалтасына сақтау немесе қалпына келтіру үшін BACKUP_PATH қалтасындағы деректерді пайдалану (міндетті параметр).
Дерекқор серверінің есептік жазбасы және klbackup утилитасы BACKUP_PATH қалтасындағы деректерді өзгерту құқығына ие болуы керек.
-linux_path LINUX_PATH
– Linux жүйесіне арналған SQL Server үшін деректердің сақтық көшірмесі бар қалтаның жергілікті жолы.
Дерекқор серверінің есептік жазбасы және klbackup утилитасы LINUX_PATH қалтасындағы деректерді өзгерту құқығына ие болуы керек.
-node_cert CERT_PATH
– қалпына келтіруден кейін белсенді емес ақауларға төзімді түйінді конфигурациялауға арналған сервер сертификатының файлы. Параметр көрсетілмесе, ол серверден автоматты түрде алынады.
Істен шығуға төзімді кластердің белсенді емес түйінінде klbackup утилитасын іске қосқан кезде, осы пернені Басқару сервері сертификатына жолды көрсету үшін пайдаланыңыз.
-logfile LOGFILE
– Басқару сервері деректерін көшіру немесе қалпына келтіру туралы есепті сақтау.-use_ts
– деректерді сақтау кезінде ақпаратты BACKUP_PATH қалтасына, ағымдағы жүйелік күн мен уақытты klbackup
ЖЖЖЖ-АА-КК # СС-АА-СС
пішімінде көрсететін атауы бар салынған қалтаға көшіру. Егер кілт белгіленбеген болса, ақпарат BACKUP_PATH қалтасының түбірінде сақталады.
Ақпаратты сақтық көшірмесі бар қалтаға сақтауға тырысқанда, қате туралы хабар пайда болады. Ақпарат жаңартылмайды.
-use_ts
кілтінің болуы арқасында Басқару сервері деректері мұрағатын жүргізуге болады. Мысалы, егер -path
кілтімен C:\KLBackups
қалтасы жасалған болса, онда klbackup
2022-06-19 # 11-30-18
қалтасында Басқару серверінің 2022 жылғы 19 маусым, 11 сағат 30 минут 18 секундтағы күйі туралы ақпарат сақталады.
-restore
– Басқару сервері деректерін қалпына келтіруді орындау. Деректерді қалпына келтіру BACKUP_PATH қалтасында ұсынылған ақпарат негізінде жүзеге асырылады. Егер кілт жоқ болса, BACKUP_PATH қалтасына деректерді сақтық көшірмелеу орындалады.-password PASSWORD
– құпия деректерді қорғауға арналған құпиясөз.
Ұмытылған құпиясөзді қалпына келтіру мүмкін емес. Құпиясөзге қойылатын талаптар жоқ. Құпиясөздің ұзындығы шектелмейді, сондай-ақ құпиясөздің нөлдік ұзындығы да болуы мүмкін (яғни құпиясөзсіз).
Деректерді қалпына келтіру кезінде, сақтық көшірмелеу барысында енгізілген құпиясөзді көрсету қажет. Сақтық көшірмелеуден кейін ортақ қатынасы бар қалтаға апаратын жол өзгерсе, қалпына келтірілген деректерді пайдаланатын тапсырмалардың жұмысын тексеріңіз (қалпына келтіру тапсырмалары және қашықтан орнату тапсырмалары). Қажет болса, осы тапсырмалардың параметрлерін өңдеңіз. Деректер сақтық көшірме файлынан қалпына келтіріліп жатқанда, ешкім Басқару серверінің ортақ қатынасы бар қалтасына кіре алмайды. klbackup утилитасы іске қосылатын есептік жазба ортақ қатынасы бар қалтаға толық қатынасу мүмкіндігіне ие болуы керек. Утилитаны жаңа ғана орнатылған Басқару серверінде іске қосу ұсынылады.
-cert_only
– Басқару серверінің сертификаты мен жеке кілтін ғана сақтау немесе қалпына келтіру.
Бұл жалауша Kaspersky Security Center Windows басқару серверінен Kaspersky Security Center Linux бсқару серверіне тасымалдау әрекетін орындаған кезде пайдалы болуы мүмкін. Сондай-ақ Kaspersky Security Center Linux басқару серверлері, сонымен қатар Kaspersky Security Center Windows басқару серверлері арасында басқарылатын құрылғыларды тасымалдауға болады.
-online
– Басқару серверінің автономды күйінің уақытын барынша азайту үшін лездік сурет жасау арқылы Басқару сервері деректерінің сақтық көшірмесін жасау. Егер сіз деректерді сақтық көшірмелеу және қалпына келтіру утилитасын қолдансаңыз, бұл параметр еленбейді.