Сіз топтық тапсырмаларды және арнайы құрылғыларға арналған тапсырмаларды файлға экспорттай аласыз. Басқару серверінің тапсырмалары да экспорттау үшін қолжетімді емес.
Тапсырманы экспорттау үшін:
Тапсырманың мәнмәтіндік мәзірінде Барлық тапсырмалар → Экспорттау тармағын таңдаңыз.
Ашылған Басқаша сақтау терезесінде файлдың атауы мен сақтау жолын көрсетіңіз.
Сақтау түймесін басыңыз.
Жергілікті пайдаланушылардың құқықтары экспортталмайды.