Жылдам сауалнама кезінде Басқару сервері желінің барлық домендері мен жұмыс топтары құрылғыларының NetBIOS атаулары тізімі туралы ақпаратты ғана алады. Толық сауалнама барысында, әрбір клиент құрылғысынан келесі ақпарат сұралады:
операциялық жүйенің аты;
IP мекенжайы;
DNS атауы;
NetBIOS атауы.
Жылдам сауалнама кезінде де, толық сауалнама кезінде де керегі:
UDP 137/138, TCP 139, UDP 445, TCP 445 ашық порттары;
қосулы SMB протоколы.
Microsoft Computer Browser қызметі қолданылуы тиіс, ал негізгі браузер рөлін атқаратын құрылғы Басқару серверінде қолжетімді болуы керек;
Microsoft Computer Browser қызметі қолданылуы тиіс, ал негізгі браузер рөлін атқаратын құрылғы клиент құрылғысында қолжетімді болуы керек:
желілік құрылғылардың саны 32-ден аспаса, кемінде бір құрылғының болуы;
әрбір 32 желілік құрылғыға кемінде бір құрылғының болуы.
Желінің толық сауалнамасы, егер жылдам сауалнама кемінде бір рет іске қосылған болса ғана іске қосылуы тиіс.
Windows желісінің сауалнамасы параметрлерін көру және өзгерту
Windows желісінің сауалнамасы параметрлерін өзгерту үшін:
Құрылғыны табу қалтасындағы консоль шежіресінен Домендер салынған қалтасын таңдаңыз.
Қазір сауалнама өткізу түймесін басу арқылы Тағайындалмаған құрылғылар қалтасынан Құрылғыны табу қалтасына өтуге болады.
Домендер ішкі қалтасының жұмыс аймағында құрылғылар тізімі көрсетіледі.
Қазір сауалнама өткізу түймесін басыңыз.
Домен сипаттары терезесі ашылады. Қажет болса, Windows желісінің сауалнамасы параметрлерін конфигурациялаңыз:
Әдепкі бойынша, осы нұсқа таңдалады. Егер сізге Windows желісінің сауалнамасын жүргізу қажет болмаса (мысалы, Active Directory сауалнамасы жеткілікті болса), сіз бұл параметрді алып тастай аласыз.
Жылдам сауалнама кезінде Басқару сервері желінің барлық домендері мен жұмыс топтары құрылғыларының NetBIOS атаулары тізімі туралы ақпаратты ғана алады.
Әрбір кейінгі сауалнама кезінде алынған деректер алдыңғы деректерді толығымен алмастырады.
Желіде сауалнама өткізу кестесінің келесі нұсқалары қолжетімді:
Басқару сервері өшірулі болса немесе сауалнама жоспарланған уақыт ішінде қолжетімді болмаса, Басқару сервері сауалнаманы қосқаннан кейін бірден бастай алады немесе келесі жоспарланған сауалнаманы күте алады.
Егер бұл параметр қосулы болса, Басқару сервері сауалнаманы қосқаннан кейін бірден бастайды.
Егер бұл параметр өшірулі болса, Басқару сервері келесі жоспарланған сауалнаманы күтеді.
Басқару сервері өшірулі болса немесе сауалнама жоспарланған уақыт ішінде қолжетімді болмаса, Басқару сервері сауалнаманы қосқаннан кейін бірден бастай алады немесе келесі жоспарланған сауалнаманы күте алады.
Егер бұл параметр қосулы болса, Басқару сервері сауалнаманы қосқаннан кейін бірден бастайды.
Егер бұл параметр өшірулі болса, Басқару сервері келесі жоспарланған сауалнаманы күтеді.
Әдепкі бойынша, параметр қосулы.
Желіде сауалнама өткізуді бірден іске қосу қажет болса, Қазір сауалнама өткізу түймесін басыңыз. Сауалнаманың екі түрі де іске қосылады.
Виртуалды Басқару серверінде Windows желісінің сауалнамасы параметрлерін қарау және өзгерту әрекеттері тарату нүктесінің сипаттары терезесінде, Құрылғыны табу бөлімінде жүзеге асырылады.