Active Directory қолдансаңыз, Active Directory сауалнамасын қолданыңыз; не болмаса, сауалнамалардың басқа түрлерін қолдану ұсынылады. Active Directory қолдансаңыз, бірақ бөлек желілік құрылғылар оның мүшелері болмаса, бұл құрылғыларды Active Directory сауалнамасы барысында анықтау мүмкін болмайды.
Желіде сауалнама өткізуді бастамас бұрын SMB протоколының қосылғанына көз жеткізіңіз. Әйтпесе, Kaspersky Security Center бағдарламасы сауалнама өткізілетін желідегі құрылғыларды анықтай алмайды. SMB протоколын қосу үшін операциялық жүйеге арналған нұсқауларды орындаңыз.
Active Directory сауалнамасының параметрлерін көру және өзгерту
Active Directory топтары сауалнамасының параметрлерін көру және өзгерту үшін:
Құрылғыны табу қалтасындағы консоль шежіресінен Active Directory салынған қалтасын таңдаңыз.
Болмаса Қазір сауалнама өткізу түймесін басу арқылы Тағайындалмаған құрылғылар қалтасынан Құрылғыны табу қалтасына ауысуға болады.
Әдепкі бойынша, осы нұсқа таңдалады. Алайда, Active Directory қолданылмаса, сауалнама нәтижелерінде ештеңе табылмайды. Бұл жағдайда, сіз осы параметрді таңдаудан бас тарта аласыз.
Басқару сервері өшірулі болса немесе сауалнама жоспарланған уақыт ішінде қолжетімді болмаса, Басқару сервері сауалнаманы қосқаннан кейін бірден бастай алады немесе келесі жоспарланған сауалнаманы күте алады.
Егер бұл параметр қосулы болса, Басқару сервері сауалнаманы қосқаннан кейін бірден бастайды.
Егер бұл параметр өшірулі болса, Басқару сервері келесі жоспарланған сауалнаманы күтеді.
Сауалнама үшін Active Directory домендерін таңдауға болады:
Kaspersky Security Center қатысты болып келетін Active Directory домені.
Kaspersky Security Center қатысты болып келетін домендер тобы.
Active Directory көрсетілген домендер тізімі.
Бұл параметрді таңдаған кезде сауалнама аймағына домендерді қосуға болады:
Қосу түймесін басыңыз.
Тиісті өрістерде домендік контроллердің мекенжайын, сондай-ақ оған кіру үшін есептік жазбаның атауы мен құпиясөзін көрсетіңіз.
Өзгерістерді сақтау үшін ОК түймесін басыңыз.
Тізімнен домендік контроллер мекенжайын таңдап, оны өзгерту немесе жою үшін Өзгерту немесе Жою түймесін басуға болады.
Өзгерістерді сақтау үшін ОК түймесін басыңыз.
Желіде сауалнама өткізуді бірден іске қосу қажет болса, Қазір сауалнама өткізу түймесін басыңыз.
Виртуалды Басқару серверінде Active Directory топтары сауалнамасы параметрлерін қарау және өзгерту әрекеттері тарату нүктесінің сипаттары терезесінде, Құрылғыны табу бөлімінде жүзеге асырылады.