Пайдаланушыға немесе пайдаланушылар тобына рөл тағайындау үшін:
Қауіпсіздік бөлімі, интерфейс параметрлері терезесінде Қауіпсіздік параметрлері бар тарауларды көрсету жалаушасы қойылса қолжетімді болады.
Егер пайдаланушы немесе топ өрісте болмаса, оларды Қосу түймесі арқылы қосыңыз.
Пайдаланушыны Қосу түймесі арқылы қосқан кезде пайдаланушы түпнұсқалық растамасы түрін таңдауға болады (Microsoft Windows немесе Kaspersky Security Center). Kaspersky Security Center түпнұсқалық растамасы виртуалды Басқару серверлерімен жұмыс істеу үшін пайдаланылатын ішкі пайдаланушы есептік жазбаларын таңдау үшін пайдаланылады.
Пайдаланушы рөлдері терезесі ашылады. Терезеде жасалған пайдаланушы рөлдері көрсетіледі.
Нәтижесінде басқару серверімен жұмыс істеу құқықтарының жиынтығы бар рөл пайдаланушыға немесе қауіпсіздік тобына тағайындалады. Тағайындалған рөлдер Басқару сервері сипаттары терезесінің Қауіпсіздік бөліміндегі Рөлдер қойыншасында көрсетіледі.
Басына оралу