Басқару сервері пайдаланатын ДҚБЖ таңдау кезінде Басқару сервері қызмет көрсететін құрылғылардың санын басшылыққа алу керек.
Төмендегі кестеде ДҚБЖ рұқсат етілген нұсқалары және оларды ұсынымдары мен қолдану шектеулері аталған.
ДҚБЖ ұсынымдар және шектеулер
ДҚБЖ |
Ұсынымдар және шектеулер |
---|---|
SQL Server Express Edition 2016 және одан жоғары |
Көп дегенде 10000 құрылғы үшін бір басқару серверін іске қосуды көздесеңіз және басқарылатын құрылғылар үшін Қолданбаларды басқару құрамдасын пайдаланбайтын болсаңыз, осы ДҚБЖ-ны пайдаланыңыз. SQL Server Express Edition ДҚБЖ Басқару серверімен және қандай да бір басқа бағдарламамен бірге қолдануға болмайды. |
Express, 2016 және одан жоғары нұсқасынан ерекшеленетін жергілікті SQL Server Edition |
Шектеулер жоқ. |
Express, 2016 және одан жоғары нұсқалардан ерекшенелетін қашықтағы SQL Server Edition |
Егер екі құрылғы бір Windows доменінде болса ғана рұқсат етіледі; егер домендер әртүрлі болса, онда олардың арасында екі жақты сенім қатынасы орнатылуы тиіс. |
Жергілікті немесе қашықтағы MySQL 5.5, 5.6 немесе 5.7 (MySQL 5.5.1, 5.5.2, 5.5.3, 5.5.4 және 5.5.5 нұсқаларына қолдау көрсетілмейді) |
Көп дегенде 10000 құрылғы үшін бір басқару серверін іске қосуды көздесеңіз және басқарылатын құрылғылар үшін қолданбаларды басқару құрамдасын пайдаланбайтын болсаңыз, осы ДҚБЖ-ны пайдаланыңыз. |
Жергілікті немесе қашықтағы MySQL 8.0.20 немесе одан жоғары |
Көп дегенде 50000 құрылғы үшін бір басқару серверін іске қосуды көздесеңіз және басқарылатын құрылғылар үшін қолданбаларды басқару құрамдасын пайдаланбайтын болсаңыз, осы ДҚБЖ-ны пайдаланыңыз. |
Жергілікті немесе қашықтағы MariaDB нұсқасы (қолдау көрсетілетін нұсқаларды қараңыз) |
Көп дегенде 20000 құрылғы үшін бір басқару серверін іске қосуды көздесеңіз және басқарылатын құрылғылар үшін қолданбаларды басқару құрамдасын пайдаланбайтын болсаңыз, осы ДҚБЖ-ны пайдаланыңыз. |
PostgreSQL, Postgres Pro (қолдау көрсетілетін нұсқаларды қараңыз) |
Көп дегенде 50000 құрылғы үшін бір басқару серверін іске қосуды көздесеңіз және басқарылатын құрылғылар үшін қолданбаларды басқару құрамдасын пайдаланбайтын болсаңыз, осы ДҚБЖ-лардың бірін пайдаланыңыз. |
Егер сіз SQL Server 2019 нұсқасын ДҚБЖ ретінде қолдансаңыз және сізде CU12 не одан жоғары жиынтық түзетуі болмаса, Kaspersky Security Center орнатылғаннан кейін келесі әрекеттерді орындау қажет:
USE KAV
GO
ALTER DATABASE SCOPED CONFIGURATION SET TSQL_SCALAR_UDF_INLINING = OFF
GO
Әйтпесе, SQL Server 2019 нұсқасын пайдалану "Ресурстардың 'ішкі' пулында сұрауды орындау үшін жад жеткіліксіз" сияқты қатемен аяқталуы мүмкін.