Kaspersky Security Center интерфейсін конфигурациялай аласыз:
Пайдаланылатын функцияларға байланысты консоль ағашында, жұмыс аймағында және нысан сипаттарының терезелерінде (қалталар, бөлімдер) нысандарды көрсету және жасыру.
Басты терезе элементтерін көрсету және жасыру (мысалы, консоль ағашы немесе Әрекеттер мен Көру сияқты стандартты мәзірлер).
Kaspersky Security Center интерфейсін қазіргі уақытта қолданылатын функциялар жиынтығына сәйкес конфигурациялау үшін, келесі әрекеттерді таңдаңыз:
Консоль ағашынан Басқару сервері түйінін таңдаңыз.
Бағдарламаның басты терезесі мәзірінде Көру → Интерфейсті конфигурациялау тармағын таңдаңыз.
Ашылған Интерфейсті конфигурациялау терезесінде келесі жалаушаларды пайдаланып, интерфейс элементтерін көрсетуді конфигурациялаңыз:
Бұл параметр қосулы болса, Қашықтан орнату қалтасында Құрылғылар үлгілерін жаю ішкі қалтасы көрсетіледі, ал Қоймалар қалтасында Жабдық ішкі қалтасы көрсетіледі.
Бағдарламаны жылдам іске қосу шебері аяқталмаса, бұл параметр әдепкі бойынша өшіріледі. Бағдарламаны жылдам іске қосу шебері аяқталған болса, бұл параметр әдепкі бойынша қосылған.
Бұл параметр өшірулі болса, Желілік басқару мүмкіндіктеріне жарамды лицензияңыз болса да, RDP сессиясын жасау және Windows компьютерлік бөлісу қызметін пайдалану мәзір тармақтары қолжетімді болмайды.
Бұл параметр қосулы болса, Ұялы құрылғыларды басқару мүмкіндіктері қолжетімді. Бағдарламаны іске қосқаннан кейін, консоль ағашында Ұялы құрылғылар қалтасы көрсетіледі.
Егер жалауша қойылса, консоль ағашында басқару топтарындағы қосалқы және виртуалды Басқару серверлерінің түйіндері көрсетіледі. Бұл ретте, қосалқы және виртуалды Басқару серверлерімен байланысты функциялар қолжетімді, мысалы, бағдарламаларды қосалқы Басқару серверлеріне қашықтан орнату үшін тапсырмалар жасау.
Егер бұл параметр қосулы болса, Қауіпсіздік бөлімі Басқару сервері сипаттары, басқару топтары және басқа нысандар терезесінде көрсетіледі. Бұл параметр пайдаланушылар мен пайдаланушылар топтарына нысандармен жұмыс істеу үшін конфигурацияланатын құқықтарды беруге мүмкіндік береді.
Әдепкі бойынша, параметр өшірулі.
OK түймесін басыңыз.
Кейбір өзгертулерді қолдану үшін бағдарламаның басты терезесін жауып, оны қайтадан ашу керек.
Бағдарламаның негізгі терезесінде элементтердің көрсетілуін конфигурациялау үшін:
Бағдарламаның басты терезесінің мәзірінде Көру → Конфигурациялау тармағын таңдаңыз.
Ашылған Көруді конфигурациялау терезесінде басты терезенің элементтерін жалаушалардың көмегімен көрсетуді конфигурациялаңыз.