Тапсырма ауқымы – бұл тапсырма орындалатын құрылғылардың ішкі жиынтығы. Тапсырма ауқымының келесі түрлері бар:
Глобалдық тапсырма жасаған кезде оның ауқымын анықтаудың келесі әдістерін қолдануға болады:
Құрылғының мекенжайы ретінде сіз IP мекенжайын (немесе IP аралығын) немесе DNS атауын пайдалана аласыз.
Егер құрылғылар тізімі файлдан импортталса немесе қолмен қалыптастырылса, ал құрылғылар атауы бойынша анықталса, онда тізімге ақпараты Басқару серверінің дерекқорына әлдеқашан қосылған құрылғылар ғана қосылуы мүмкін. Деректер, осы құрылғыларды қосу кезінде немесе құрылғыларды анықтау нәтижесінде дерекқорға енгізілуі тиіс.
Уақыт өте келе, тапсырманың әрекет ету ауқымы, таңдауға кіретін құрылғылардың жиынтығы қалай өзгеретіндігіне байланысты өзгеріп отырады. Құрылғыны таңдауы құрылғы атрибуттары негізінде, соның ішінде құрылғыда орнатылған бағдарламалық жасақтама негізінде, сондай-ақ құрылғыға белгіленген тегтер негізінде құрылуы мүмкін. Құрылғыны таңдауы тапсырманың әрекет ету ауқымын белгілеудің ең икемді тәсілі болып саналады.
Құрылғы таңдаулары үшін тапсырмаларды кесте бойынша іске қосуды әрқашан Басқару сервері орындайды. Мұндай тапсырмалар Басқару серверімен байланысы жоқ құрылғыларда іске қосылмайды. Әрекет ету ауқымы басқа тәсілмен белгіленетін тапсырмалар құрылғыларда тікелей іске қосылады және құрылғы мен Басқару сервері арасындағы байланыстың болуына тәуелді емес.
Құрылғылар таңдауына арналған тапсырмалар құрылғының жергілікті уақыты бойынша емес, Басқару серверінің жергілікті уақыты бойынша іске қосылады. Әрекет ету ауқымы басқа тәсілмен белгіленетін тапсырмалар құрылғының жергілікті уақыты бойынша іске қосылады.