Төмендегі кестеде Ескерту маңыздылық деңгейі бар Kaspersky Security Center Басқару серверінің оқиғалары келтірілген.
Бағдарлама жасай алатын әрбір оқиға үшін, бағдарлама саясаты сипаттарындағы Оқиғаны конфигурациялау қойындысында хабарландыру параметрлерін және сақтау параметрлерін көрсетуге болады. Басқару сервері үшін, Басқару серверінің сипаттарындағы оқиғалар тізімін қосымша түрде қарап шығуға және конфигурациялауға болады. Барлық оқиғалар үшін хабарландыру параметрлерін бірден конфигурациялау қажет болса, Басқару сервері сипаттарында жалпы хабарландыру параметрлерін конфигурациялаңыз.
Басқару серверінің ескерту оқиғалары
Оқиға түрінің көрсетілетін атауы |
Оқиға түрі идентификаторы |
Оқиға түрі |
Сипаттамасы |
Әдепкі бойынша сақтау мерзімі |
---|---|---|---|---|
Жиі болатын оқиға анықталды |
|
KLSRV_EVENT_SPAM_EVENTS_DETECTED |
Басқару сервері басқарылатын құрылғыда жиі болатын оқиғаларды тіркейтін болса, осы түрдегі оқиғалар орын алады. Қосымша ақпаратты келесі бөлімдерден қараңыз: Жиі оқиғаларды бұғаттау. |
90 күн |
Лицензиялық шектеу асырылды |
4098 |
KLSRV_EV_LICENSE_CHECK_100_110 |
Күніне бір рет Kaspersky Security Center Linux бағдарламасы лицензиялық шектеулердің асып кетпегенін тексеріп тұрады. Осы түрдегі оқиғалар, Басқару сервері клиент құрылғыларына орнатылған Kaspersky бағдарламаларының лицензиялық шектеуінің асып кеткенін тіркесе және бір лицензияның қолданылатын лицензиялық бірліктерінің саны лицензия қамтитын бірліктердің жалпы саны 100%-дан 110%-ға дейін құраса туындайды. Осы оқиға туындаса да, клиент құрылғылары қорғалған. Сіз оқиғаға келесі тәсілдермен жауап бере аласыз:
Kaspersky Security Center Linux бағдарламасы, лицензиялық шектеуден асып кеткен жағдайда оқиғаларды жасау ережесін айқындайды. |
90 күн |
Құрылғы желіде ұзақ уақыт бойы белсенді емес болып қалды |
4103 |
KLSRV_EVENT_HOSTS_NOT_VISIBLE |
Осы түрдегі оқиғалар, басқарылатын құрылғы бірнеше уақыт бойы белсенді емес болған кезде туындайды. Көбінесе, басқарылатын құрылғы істен шыққан жағдайда туындайды. Сіз оқиғаға келесі тәсілдермен жауап бере аласыз:
|
90 күн |
Құрылғылар атауларының қайшылығы |
4102 |
KLSRV_EVENT_HOSTS_CONFLICT |
Осы түрдегі оқиғалар, егер Басқару сервері екі немесе одан да көп басқарылатын құрылғыны бір құрылғы ретінде қарастырған кезде туындайды. Көбінесе, клондалған қатты диск бағдарламаларды басқарылатын құрылғыларда орналастыру үшін және Желілік агентті эталонды құрылғыда бөлектелген дискіні клондау режиміне ауыстырып қоспай қолданылған кезде туындайды. Бұл мәселені болдырмау үшін, осы құрылғының қатты дискісін клондаудың алдында Желілік агентті эталонды құрылғыда дискіні клондау режиміне ауыстырып қосыңыз. |
90 күн |
Құрылғының күйі «Ескерту»
|
4114
|
KLSRV_HOST_STATUS_WARNING
|
Осы түрдегі оқиғалар, басқарылатын құрылғыға Ескерту күйі тағайындалса туындайды. Сіз шарттарды конфигурациялай аласыз, оларды орындау кезінде құрылғының күйі Ескерту болып өзгереді.
|
90 күн
|
Сертификат сұралды |
4133 |
KLSRV_CERTIFICATE_REQUESTED |
Ұялы құрылғыларды басқару үшін сертификатты автоматты түрде қайта шығару мүмкін болмаса, осы түрдегі оқиғалар туындайды. Төменде оқиғалардың ықтимал себептері және оқиғаға жауап беру бойынша тиісті әрекеттер берілген:
|
90 күн |
Сертификат жойылды |
4134 |
KLSRV_CERTIFICATE_REMOVED |
Егер әкімші Ұялы құрылғыларды басқару үшін кез келген түрдегі сертификатты (жалпы, пошталық, VPN) жойса, осы түрдегі оқиғалар туындайды. Сертификат жойылғаннан кейін, осы сертификатқа қосылған ұялы құрылғылар Басқару серверіне қосыла алмайды. Бұл оқиға Ұялы құрылғыларды басқаруға қатысты ақауларды зерттеуде пайдалы болуы мүмкін. |
90 күн |
APNs сертификатының жарамдылық мерзімі бітті |
4135 |
KLSRV_APN_CERTIFICATE_EXPIRED |
Осы түрдегі оқиғалар, APNs сертификатының жарамдылық мерзімі бітейін деп жатқан кезде туындайды. Сізге қолмен APNs сертификатын жаңарту және оны iOS MDM серверіне орнату қажет. |
Сақталмайды |
APNs сертификатының жарамдылық мерзімі бітейін деп жатыр |
4136 |
KLSRV_APN_CERTIFICATE_EXPIRES_SOON |
Егер APNs сертификатының жарамдылық мерзімінің аяқталуына дейін 14 күннен аз уақыт қалса, осы түрдегі оқиғалар орын алады. APNs сертификатының жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін, қолмен APNs сертификатын жаңартып, оны iOS MDM серверіне орнату керек. APNs сертификатын жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін жаңартуды жоспарлау ұсынылады. |
Сақталмайды |
FCM хабарын ұялы құрылғыға жіберу сәтсіз аяқталды |
4138 |
KLSRV_GCM_DEVICE_ERROR |
Бұл түрдегі оқиғалар Ұялы құрылғыларды басқару Android операциялық жүйесі бар басқарылатын ұялы құрылғыларға қосылу үшін Google Firebase Cloud Messaging (FCM) пайдалануға конфигурацияланған болса, ал FCM сервері Басқару серверінен алынған кейбір сұрауларды өңдей алмаса туындайды. Бұл дегеніміз, кейбір басқарылатын ұялы құрылғылар push хабарландыруын алмайды. Оқиғаның сипаттамасындағы HTTP кодын оқып, соған сәйкес жауап беріңіз. FCM серверінен алынған HTTP кодтары және олармен байланысты қателер туралы қосымша ақпарат Google Firebase қызметінің құжаттамасында бар ("Downstream message error response codes" тарауын қараңыз). |
90 күн |
FCM хабарын FCM серверіне жіберу кезінде туындаған HTTP қатесі |
4139 |
KLSRV_GCM_HTTP_ERROR |
Бұл түрдегі оқиғалар Ұялы құрылғыларды басқару Android операциялық жүйесімен басқарылатын мобильді құрылғыларды қосу үшін Google Firebase Cloud Messaging (FCM) пайдалануға конфигурацияланған болса және FCM сервері 200 (OK) емес HTTP коды бар Басқару серверіне салынған сұрауды қайтарса туындайды. Төменде оқиғалардың ықтимал себептері және оқиғаға жауап беру бойынша тиісті әрекеттер берілген:
|
90 күн |
FCM хабарын FCM серверіне жіберу сәтсіз аяқталды |
4140 |
KLSRV_GCM_GENERAL_ERROR |
Бұл түрдегі оқиғалар Google Firebase Cloud Messaging атты HTTP протоколымен жұмыс істеу кезінде Басқару сервері жағындағы күтпеген қателерден туындайды. Оқиғаның сипаттамасындағы ақпаратты оқып, оларға тиісінше ден қойыңыз. Егер сіз мәселенің шешімін өзіңіз таба алмасаңыз, Kaspersky Техникалық қолдау қызметіне хабарласуды ұсынамыз. |
90 күн |
Қатты дискіде бос орын аз |
4105 |
KLSRV_NO_SPACE_ON_VOLUMES |
Бұл түрдегі оқиғалар, Басқару сервері орнатылған құрылғыда диск кеңістігі таусылуға жақын қалған жағдайда туындайды. Құрылғыдағы диск кеңістігін босатыңыз. |
90 күн |
Басқару серверінің дерекқорында бос орын аз |
4106 |
KLSRV_NO_SPACE_IN_DATABASE |
Бұл түрдегі оқиғалар Басқару сервері дерекқорында бос орын шектеулі болған жағдайда орын алады. Егер сіз бұл мәселені шешпесеңіз, көп ұзамай Басқару сервері дерекқоры өзінің сыйымдылығына жетеді және Басқару сервері жұмыс істемей қалады. Төменде, қолданылатын ДҚБЖ жүйесіне тәуелді оқиғаның туындау себептері және оқиғаға ден қоюдың тиісті тәсілдері келтірілген. Сіз SQL Server Express Edition қолданасыз:
SQL Server Express Edition жүйесінен ерекшеленетін ДҚБЖ қолданасаңыз:
ДҚБЖ таңдау туралы ақпаратты қарап шығыңыз. |
90 күн |
Қосалқы Басқару серверімен байланыс үзілді |
4116 |
KLSRV_EV_SLAVE_SRV_DISCONNECTED |
Бұл түрдегі оқиғалар қосалқы Басқару серверімен байланыс үзілген кезде пайда болады. Қосалқы басқару сервері орнатылған құрылғыдағы операциялық жүйенің оқиғалар журналын оқып, соған сәйкес әрекет етіңіз. |
90 күн |
Негізгі Басқару серверімен байланыс үзілді |
4118 |
KLSRV_EV_MASTER_SRV_DISCONNECTED |
Бұл түрдегі оқиғалар негізгі Басқару серверімен байланыс үзілген кезде пайда болады. Негізгі басқару сервері орнатылған құрылғыдағы операциялық жүйенің оқиғалар журналын оқып, соған сәйкес әрекет етіңіз. |
90 күн |
«Лаборатория Касперского» бағдарламалық жасақтама модульдерінің жаңа жаңартулары тіркелді |
4141 |
KLSRV_SEAMLESS_UPDATE_REGISTERED |
Бұл түрдегі оқиғалар, Басқару сервері, орнатуды мақұлдауды қажет ететін басқарылатын құрылғыларда орнатылған Kaspersky бағдарламаларының жаңа жаңартуларын тіркеген жағдайда орын алады. Kaspersky Security Center Web Console арқылы жаңартуларды растаңыз немесе қабылдамаңыз. |
90 күн |
Дерекқордағы оқиғалар санының шектеуі асырылды, оқиғаларды жою басталған |
4145 |
KLSRV_EVP_DB_TRUNCATING |
Мұндай түрдегі оқиғалар, Басқару сервері дерекқорынан ескі оқиғаларды жою, Басқару сервері дерекқорында сақталатын оқиғалардың максималды санына жеткеннен кейін басталған жағдайда орын алады. Сіз оқиғаға келесі тәсілдермен жауап бере аласыз: |
Сақталмайды |
Дерекқордағы оқиғалар санының шектеуі асырылды, оқиғалар жойылған |
4146 |
KLSRV_EVP_DB_TRUNCATED |
Мұндай түрдегі оқиғалар, Басқару сервері дерекқорында сақталатын оқиғалардың максималды санына жеткеннен кейін Басқару сервері дерекқорынан ескі оқиғаларды жойылған жағдайда орын алады. Сіз оқиғаға келесі тәсілдермен жауап бере аласыз: |
Сақталмайды |