Бұл бөлімде Kaspersky Security Center Web Console Server серверін (бұдан әрі Kaspersky Security Center Web Console деп те аталады) қалай Linux операциялық жүйелері бар құрылғыларға орнатуға болатыны сипатталған. Алдымен ДҚБЖ және Kaspersky Security Center Linux басқару серверін орнату қажет.
Құрылғыңызда орнатылған Linux дистрибутивіне сәйкес келетін келесі орнату файлдарының бірін пайдаланыңыз:
Орнату файлын Kaspersky сайтынан жүктеу арқылы аласыз.
Kaspersky Security Center Web Console орнату үшін:
Минималды параметрлер жиынтығы, мекенжайы және әдепкі бойынша порты бар жауаптар файлының мысалы:
{
"address": "127.0.0.1",
"port": 8080,
"trusted": "127.0.0.1|13299|/var/opt/kaspersky/klnagent_srv/1093/cert/klserver.cer|KSC Server",
"acceptEula": true
}
1024-тен жоғары порт нөмірлерін көрсету ұсынылады. Kaspersky Security Center Web Console қолданбасының 1024-тен аз порттарда жұмыс істеуін қаласаңыз, орнатудан кейін келесі пәрменді іске қосу керек: sudo setcap 'cap_net_bind_service=+ep' /var/opt/kaspersky/ksc-web-console/node
Kaspersky Security Center Web Console веб-консолін ALT Linux операциялық жүйесі бар құрылғыға орнату кезінде, онда 8080-порттан ерекшеленетін портты көрсету керек, себебі 8080-портты операциялық жүйе қолданады.
Kaspersky Security Center Web Console бағдарламасын бірдей .rpm орнату файлының көмегімен жаңарту мүмкін емес. Егер сіз жауаптар файлының параметрлерін өзгерткіңіз келсе және осы файлды бағдарламаны қайта орнату үшін пайдаланғыңыз келсе, алдымен бағдарламаны жойып, содан кейін оны жаңа жауаптар файлымен қайта орнатуыңыз керек.
$ sudo dpkg -i
ksc-web-console-[жинақ_нөмірі
].x86_64.deb
$ sudo rpm -ivh --nodeps ksc-web-console-[жинақ_нөмірі
].x86_64.rpm
Немесе
$ sudo alien -i
ksc-web-console-[
жинақ_нөмірі
].x86_64.rpm
$ sudo rpm -Uvh --nodeps --force ksc-web-console-[жинақ_нөмірі
].x86_64.rpm
$ sudo dpkg -i ksc-web-console-[жинақ_нөмірі
].x86_64.deb
Орнату файлын ашу басталады. Орнату аяқталғанша күте тұрыңыз. Kaspersky Security Center Web Console келесі директорияға орнатылады: /var/opt/kaspersky/ksc-web-console.
$ sudo systemctl restart KSC*
Орнату аяқталғаннан кейін, сіз Kaspersky Security Center Web Console веб-консолін ашып, жүйеге кіру үшін браузерді пайдалана аласыз.
Басына оралу