Kaspersky Security Center Web Console бағдарламасында PFX пішіміндегі сертификатты пайдалану үшін, оны кез келген OpenSSL негізіндегі кроссплатформалық утилита арқылы PEM пішіміне алдын ала түрлендіру қажет.
Linux операциялық жүйесінде сертификатты PFX пішімінен PEM пішіміне түрлендіру үшін:
openssl pkcs12 -in <filename.pfx> -clcerts -nokeys | sed -ne '/-BEGIN CERTIFICATE-/,/-END CERTIFICATE-/p' > server.crt
openssl pkcs12 -in <filename.pfx> -nocerts -nodes | sed -ne '/-BEGIN PRIVATE KEY-/,/-END PRIVATE KEY-/p' > key.pem
openssl rsa -in key.pem -out key-without-passphrase.pem
.PEM кіріс және шығыс файлдары үшін бірдей атты қолданбаңыз.
Нәтижесінде, жаңа .pem файлы шифрланбаған. Оны пайдалану үшін құпиясөз тіркесін енгізудің қажеті жоқ.
.crt және .pem файлдары пайдалануға дайын, сондықтан оларды Kaspersky Security Center Web Console орнату шеберінде көрсетуге болады.
Басына оралу