ДҚБЖ есептік деректерін өзгерту
Кейде ДҚБЖ есептік деректерін өзгерту қажет болуы мүмкін, мысалы, қауіпсіздік мақсатында есептік деректердің ротациясын орындау үшін.
klsrvconfig утилитасын пайдаланып Linux ортасында ДҚБЖ есептік деректерін өзгерту үшін:
- Linux пәрмен жолын іске қосыңыз.
- klsrvconfig утилитасының пәрмен жолының ашылған терезесінде мынаны көрсетіңіз:
sudo /opt/kaspersky/ksc64/sbin/klsrvconfig -set_dbms_cred
- Есептік жазбаның жаңа атауын көрсетіңіз. ДҚБЖ-да бұрыннан бар есептік жазбаның есептік деректерін көрсетуіңіз керек.
- Жаңа құпиясөзді енгізіңіз.
- Растау үшін осы жаңа құпиясөзді көрсетіңіз.
ДҚБЖ есептік деректері өзгертілді.
Басына оралу