Kaspersky хабарландыруларын өшіру

Kaspersky хабарландырулары бөлімі (Бақылау және есеп беруKaspersky хабарландырулары) Kaspersky Security Center Linux нұсқаңыз және басқарылатын құрылғыларға орнатылған басқарылатын бағдарламалар туралы ақпаратты ұсынады. Kaspersky хабарландыруларын алып тұрғыңыз келмесе, бұл функцияны өшіре аласыз.

Kaspersky хабарландырулары екі түрлі ақпаратты қамтиды: қауіпсіздікке қатысты хабарландырулар және жарнамалық хабарландырулар. Сіз әрбір түрдегі хабарландыруларды бөлек өшіре аласыз.

Қауіпсіздікпен байланысты хабарландыруларды өшіру үшін:

  1. Басты мәзірде қажетті Басқару сервері атауының жанындағы параметрлер () белгішесін басыңыз.

    Басқару серверінің сипаттары терезесі ашылады.

  2. Жалпы қойыншасында Kaspersky хабарландырулары бөлімін таңдаңыз.
  3. Қосқышты Қауіпсіздікке қатысты хабарландырулар өшірілген күйіне ауыстырыңыз.
  4. Сақтау түймесін басыңыз.

    Kaspersky хабарландырулары өшірулі.

Жарнамалық хабарландырулар әдепкі бойынша өшірулі. Сіз Kaspersky Security Network (KSN) қосқан жағдайда ғана жарнамалық хабарландырулар аласыз. KSN өшіру арқылы хабарландырулардың бұл түрін өшіруге болады.

Хабарландыруларды өшіру үшін:

  1. Басты мәзірде қажетті Басқару сервері атауының жанындағы параметрлер () белгішесін басыңыз.

    Басқару серверінің сипаттары терезесі ашылады.

  2. Жалпы қойыншасында KSN-прокси параметрлері бөлімін таңдаңыз.
  3. Kaspersky Security Network пайдалану Қосулы параметрін өшіріңіз.
  4. Сақтау түймесін басыңыз.

    Хабарландырулар өшірулі.

Басына оралу