Бағдарламаны Unix басқаруымен жұмыс істейтін құрылғыға қашықтан орнату тапсырмасы арқылы орнатқан кезде, сіз осы тапсырма үшін Unix-ке тән параметрлерді көрсете аласыз. Бұл параметрлер тапсырма жасалғаннан кейін, оның сипаттарында қолжетімді.
Қашықтан орнату тапсырмасы үшін Unix-ке тән параметрлерді көрсету үшін:
Бағдарламаның негізгі терезесінде Құрылғылар → Тапсырмалар бөліміне өтіңіз.
Unix-ке тән параметрлерді көрсеткіңіз келетін қашықтан орнату тапсырмасының атын басыңыз.
Тапсырма сипаттары терезесі ашылады.
Бағдарлама параметрлері → Unix жүйесіне тән параметрлер бөліміне өтіңіз.
sudo пәрменін мақсатты құрылғыда құпиясөзді көрсетпей қолдануға болмаса, осы параметрді таңдаңыз, содан соң root есептік жазбасы үшін құпиясөзді көрсетіңіз. Kaspersky Security Center Linux бағдарламасы құпиясөзді мақсатты құрылғыға шифрланған түрде жібереді, құпиясөзді шифрсыздайды, содан кейін орнату процедурасын құпиясөзі көрсетілген root есептік жазбасы атынан іске қосады.
Kaspersky Security Center Linux бағдарламасы SSH қосылымын жасау үшін есептік жазбаны немесе көрсетілген құпиясөзді пайдаланбайды.
Егер мақсатты құрылғыдағы /tmp қалтасының Орындау құқығы болмаса, осы параметрді таңдап, содан кейін Орындау құқықтары бар қалта жолын көрсетіңіз. Kaspersky Security Center Linux аталған қалтаны SSH арқылы қатынасу үшін уақытша қалта ретінде пайдаланады. Бағдарлама орнату пакетін қалтаға орналастырады және орнату процедурасын бастайды.