Желілік агенттерді klmover утилитасын пайдаланып Басқару серверіне қосу

Басқару сервері сертификатын klsetsrvcert пәрмен жолының утилитасымен ауыстырғаннан кейін, байланыс үзілгендіктен Желілік агенттер мен Басқару сервері арасында SSL қосылымын орнату керек.

Жаңа Басқару сервер сертификатын көрсету және қосылымды қалпына келтіру үшін:

Пәрмен жолында келесі пәрменді орындаңыз:

klmover [-address <сервер мекенжайы>] [-pn <порт нөмірі>] [-ps <SSL портының нөмірі>] [-nossl] [-cert <сертификат файлына апаратын жол>]

Бұл утилита Желілік агентті клиент құрылғысына орнатқан кезде Желілік агенттің орнату қалтасына автоматты түрде көшіріледі.

klmover утилитасының параметрлерінің сипаттамасы төмендегі кестеде келтірілген.

klmover утилитасының параметрлерінің мәндері

Параметр

Мән

-address <Сервер мекенжайы>

Қосылу үшін Басқару сервері мекенжайы.

Мекенжай ретінде IP мекенжайын немесе DNS атауын көрсетуге болады.

-pn <порт нөмірі>

Басқару серверіне шифрланбаған қосылу орындалатын порт нөмірі.

Әдепкі бойынша 14000-порт орнатылған.

-ps <SSL порты нөмірі>

SSL протоколын қолдана отырып, Басқару серверіне шифрланған қосылу жүзеге асырылатын SSL порты нөмірі.

Әдепкі бойынша 13000-порт орнатылған.

-nossl

Басқару серверіне шифрланбаған қосылымды пайдалану.

Егер кілт пайдаланылмаса, Желілік агент Серверге қорғалған SSL протоколы арқылы қосылады.

-cert <сертификат файлының жолы>

Басқару серверіне қатынасудың түпнұсқалық растамасын жасау үшін көрсетілген сертификат файлын пайдалану.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Басқару серверінің пайдаланушы сертификатын белгілеу

Басына оралу