Kaspersky Security Center Linux бағдарламасы, тарату нүктелеріне Басқару серверінен, Kaspersky серверлерінен, жергілікті немесе желілік қалтадан жаңартулар алып тұруға мүмкіндік береді.
Тарату нүктесі үшін жаңартулар алуды конфигурациялау үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
Басты мәзірде қажетті Басқару сервері атауының жанындағы параметрлер () белгішесін басыңыз.
Басқару серверінің сипаттары терезесі ашылады.
Жалпы қойыншасында Тарату нүктелері бөлімін таңдаңыз.
Топтағы клиенттік құрылғыларға жаңартулар жеткізілетін тарату нүктесінің атауын басыңыз.
Тарату нүктесі сипаттары терезесінде Жаңартулар көзі бөлімін таңдаңыз.
Тарату нүктесі Басқару серверінен жаңартулар алып тұруы үшін, Басқару серверінен шығарып алу нұсқасын таңдаңыз.
Тарату нүктесіне тапсырма арқылы жаңартуларды алуға рұқсат беру үшін, Жаңартуды жүктеп алу тапсырмасын пайдалану тармағын таңдаңыз және Жаңартуларды тарату нүктелерінің қоймаларына жүктеу тапсырмасын көрсетіңіз:
Егер мұндай тапсырма құрылғы үшін бұрыннан бар болса, тізімнен тапсырманы таңдаңыз.
Егер құрылғы үшін мұндай тапсырма әлі болмаса, тапсырманы жасау үшін Тапсырма жасау сілтемесінен өтіңіз. Жаңа тапсырма жасау шебері іске қосылады. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз.